Түрік мектеп оқушылары қазақстандық платформа арқылы цифрлық білім алады

Биылғы оқу жылы Түркиядағы бірнеше мектеп өзінің білім беру бағдарламасына Қазақстанның жас ІТ мамандары әзірлеген CodiPlay цифрлық жобасын енгізіп жатыр. Бұл жоба Ұлыбритания, Оңтүстік Корея және Сауд Арабиясын қоса алғанда 13 елде сәтті жұмыс істейді. Геймифакация элементтерінен тұратын қазақстандық стартап мектеп оқушыларына сындарлы ойлау және креативтілік дағдыларын дамытуға көмектесіп, бағдарламалау және робототехникаға ойын түрінде игеруге баулиды.

Білім беру технологиялары (EdTech) саласындағы CodiPlay қазақстандық стартабы 2021 жылы пайда болды. Бүгінде жоба бизнес құны 100 млн доллар тұратын тез өсіп келе жатқан компаниялардың бірі. Қазір кезде жоба бүкіл әлем бойынша 950 мың белсенді пайдаланушыны тартқан.

CodiPlay балаларға бағдарламалау мен робототехника негіздерін ойын түрінде оқуға мүмкіндік беретін білім алу шешімдерін ұсынады. CodiPlay жобасы CodiPlay қосымшасы, CodiKit робототехника жиынтығы және CodiKit мұғалімдерге арналған платформа сияқты үш негізгі компонентті қамтиды.

«Қазіргі кезде бүкіл әлемде мектептер балаларды цифрлық сауаттылыққа бірінші сыныптан бастап оқытып жатыр. Алайда Оңтүстік Корея, Америка немесе Қазақстандағы мектеп болсын, мектептер бұл міндетті орындай алмай жатыр. ІТ пән ретінде мектептерде жақында ғана пайда болды. Сондықтан мектептерде ІТ бағытты дамытуды тежейтін үш негізгі проблема бар. Олар программист емес мұғалімдер, дұрыс әдістемелік база мен инфрақұрылымның болмауы», — деді CodiPlay стартабының негізін қалаушысы Жанәділ Талдыбаев.

Балаларды бағдарламалау дағдыларына мектеп жасынан баулу идеясы авторға ол Кореяда оқып жүргенінде келді. Стартап жоба пилоттық режимде енгізілген алғашқы мектептер кореялық білім ордалары болды.

«Балалар кодтарды смартфонына жазып бастай алады. Ол үшін дербес компьютер немесе ноутбук қажет емес. Біз код компиляциялау технологиясын телефонға арнап жасадық. Осылайша балалар кодты телефонда отырып жаза алады, телефонда құрастырып, кейін түрлі құрылғыларға жібере алады. Мен ол кезде Кореяда тұрдым, жобаға қатысқан алғашқы білім ошақтары кореялық мектептер болды. Бұл міндеттемей оқыту, балалар ойнап жүріп-ақ білім алады», — деді автор.

Жоба сәтті іске асып, балалар көңілінен шыққан соң әзірлеушілер жобаны әрі қарай дамытуды жалғастырамыз деп шешіп, IoT (internet of things – заттар интернеті) негізінде ақпараттық өнімдерді ойлап тапты. Олар арқылы балалар алған білімді пайдалануды үйренеді.

«Әдетте балалар бағдарламалауды оқиды, бірақ ол не үшін керегін жете білмей жатады. Сол проблема еді. Бізге олар технологияларды жасап жатқанын көрсету маңызды болды. Біз күнделікті кездесетін IoT жобаларын таңдадық. Олар – ақылды камералар, шлагбаум, супермаркеттегі автомат ашылатын есік, яғни балалар айналасынан күнде көріп жүрген түрлі технологиялар. Балалар жастайынан оларды көріп, жинай білсе, оларда инженерлік ойлау қабілеті қалыптасады. Кез келген технология, техниканы көрген кезде балалар ол қалай жұмыс істейтінін көріп, талдап, оның баламасын өзі жасай алады», – деп нақтылады Жанәділ Талдыбаев.

 Оның айтуынша, IoT жобалар көмегімен бағдаршамнан бастап, ақылды үйдің түрлі элементтеріне дейін 56 протатип құруға болады. Жақында әзірлеушілер жобаға дрондар мен АІ модульдерді қосты. Енді жоғары сынып оқушылары дрондар мен жасанды интеллекті қолданумен жобаларды құрастыруға мүмкіндік алды.

Жобаны әзірлеуге түрлі елдерден оқытушылар мен ғалымдар қатысып жатыр. Олардың қатарында университеттердің профессорлары да бар. Қазақстандық стартапқа Түркияның мемлекеттік және жеке мектептері қызығушылық танытты. Биылғы оқу жылы кейбір мектептер осы платформаны өзінің оқу процесіне енгізуді жоспарлап отыр.

 Кейбір мектептегі пилоттық жобаның нәтижесі керемет: оқушылар оқу процесіне қызығушылық танытып, белсенділік таныта бастаған.

 «CodiPlay кәсіби бағдарламашыларды дайындау бойынша мақсат қоймайды. Біздің көздегеніміз – балаларды ІТ әлеміне баулитын, балаларға кейін бағдарламашы, дизайнер немесе мұғалім бола ма, таңдау беретін платформаны құру. Қазіргі кезде барлық мамандықта цифрлық мүмкіндіктер қолданылады, біз балаларды болашаққа дайындап жатырмыз. Сол келешекте балалар технологияларды пайдаланып, өз қабілеттерін іске асыра алатын болады», — деп атап өтті жобаның негізін қалаушы Жанәділ Талдыбаев.

Қазіргі кезде Түркияда CodiPlay жүйесіне Yetev ірі білім беру қорының мектептері және Istanbul American Sсhool америкалық мектептер желісі қосылып жатыр.