«URKER-2024» Ұлттық сыйлығының жеңімпаздары белгілі болды
Астанада «URKER-2024» Ұлттық сыйлығының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Сыйлық баспа, радио, интернет – журналистика саласындағы жетістіктер үшін беріледі. Марапат Өңірлердегі мультимедиялық журналистиканың дамытуына ықпал етуге, журналистика мәртебесін арттыруға, медиадағы кәсіби стандарттар мен критерилерді бекітуге бағытталған.
Биыл байқауға 400-ден астам өтінім келіп түсті. Шорт-листке 52 үміткер ілінді.
Үздік жұмыстарды беделді журналистер, саланың еңбек сіңірген қайраткерлері және халықаралық медиа сарапшылардан құралған қазылар алқасы анықтады.
Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева қатысушыларға Ұлттық сыйлыққа қызығушылық танытып, отандық медианың дамуына қосқан үлесі үшін алғысын білдірді.
Сондай-ақ, Аида Балаева биыл 25 жыл толатын «Время» газетінің редакциясына «URKER-2024» арнайы сыйлығын табыс етті.
Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдығына арналған арнайы сыйлықты «Заң» газеті алды.
Жеңімпаздарға естелік мүсіншелер мен 1 000 000 теңге көлемінде ақшалай сыйлық табыс етілді.
«URKER-2024» Ұлттық сыйлығының жеңімпаздары:
Жылдың үздік сұхбаты – Нұрлан Оразғалиев, Inbusiness.kz
Жылдың үздік репортажы – Абрамова Юлия, Nur.kz
Әлеуметтік тақырыптағы үздік материал – Ксения Евдокименко, Time.kz
Жылдың үздік журналистік зерттеуі – Байкенже Нұрлат, «Astana Aqshamy»
Жылдың үздік аналитикалық материалы – Ниталиев Тимур, Ulysmedia.kz
Жылдың үздік жаңалықтар порталы –Abai.kz
Радиостанциядағы үздік жоба – Қымбат Досжан, «Қазақ радиосы»
Жылдың үздік фотосуреті – Сабиров Сали, Оlympic.kz
Үздік өңірлік БАҚ – «Наш Костанай» газеті
Халықаралық БАҚ-та Қазақстан туралы жарияланған үздік материал (баспа, радио, интернет-журналистика саласында) – Әшенова Торғын, «Омбы қазақтары» газеті
Үздік подкаст – NeQuryltay
Үздік YouTube арна – Sayahat Time (balbal.kz)
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі