Астанада Қазақстандағы ең үлкен Geely дилерлік орталығы ашылды

Orbis Auto автомобиль тобының құрылымына кіретін Қазақстандағы Geely ресми дистрибьюторы Астанада жаңа дилерлік орталықтың ашылғаны туралы хабарлайды. Ол Тұран көшесіндегі Orbis Auto автомобиль қалашығының аумағында басқа да танымал автомобиль брендтерінің ортасында орналасқан Қазақстандағы алғашқы толыққанды Geely монобрендтік дилерлік орталығы болды.

Geely дилерлік орталығы 3S форматында және шоурум мен сервистік қызмет көрсететумен ерекшеленетін «В класты» ДО ретінде жұмыс істейтін болады. Клиенттерге жаңа автомобильдермен қоса түпнұсқалық қосалқы бөлшектер мен аксессуарлар, сондай-ақ техникалық қызмет көрсету және жөндеу аймағы ұсынылады. Дилерлік орталықтың жалпы ауданы 2000 м² құрайды, оның 1300 м² сервиске, ал 700 м² шоурумға арналған. Орталықтың құрылысы SI GEELY (SI Standards 2023) соңғы стандарттарына сәйкес жүргізілген.

 «Астанада жаңа дилерлік орталықтың ашылуы Geely бренді үшін маңызды оқиға, — деп атап өтті Orbis Auto бас директоры Динара Ысқақова, — Оның құрылысына 1,7 млрд теңге инвестицияланды, бұл Geely брендінің Қазақстан нарығында табысты дамуына деген сенімімізді көрсетеді. Нарықта болған екі жыл ішінде Geely көптеген қазақстандықтардың көңілінен шықты, бұған сатылымның жоғары нәтижелері дәлел бола алады. Осы уақыт ішінде 9000 аса көлік сатылды. Осындай лайықты және сенімді брендті Астанада ұсына алатынымызды мақтан тұтамыз. Біз өз клиенттерімізге Geely көліктерін сатып алу және оларға қызмет көрсету үшін заманауи, кең және жайлы кеңістікті ұсынуға талпынамыз және жаңа орталық осы талпынысқа толығымен сәйкес келеді. Басқа дилерлік орталықтардан айырмашылығы- оның Қазақстандағы брендтердің арасындағы теңдесі жоқ бірегейлігінде, бұл біздің сапа мен инновацияға деген адалдығымызды көрсетеді».

Елордадағы Geely дилерлік орталығы сонымен қатар қызметтердің толық спектрін ұсынады, соның ішінде: Trade-in бағдарламасы бойынша айырбастау мүмкіндігімен жаңа автомобильдерді сату, несиелеу, сақтандыру, автокөліктерге кепілдік және кепілдіктен кейінгі қызмет көрсету, соның ішінде барлық мерзімді ТҚ және маусымдық сервис, шанақ жөндеу және компьютерлік диагностика, жүріс бөлігін жөндеу, оның ішінде күрделі, тораптар мен агрегаттарды жөндеу, түпнұсқалық қосалқы бөлшектер мен аксессуарларды сату, қосымша жабдықтар мен қауіпсіздік жүйелерін орнату.

Сервистік аймақ 11 постпен жабдықталған, оның ішінде автомобильдерді жууға арналған 2 постта бар. Сондай-ақ, клиенттерге ыңғайлы болу үшін жайлы клиенттік аймақ және кішкентай қонақтарға арналған балалар бұрышы қарастырылған. Автоорталыққа келушілер үшін 26 орындық автотұрақ қарастырылған.

Жаңа дилерлік орталықтың барлық қызметкерлері сертификаттаудан өткен. Команда толығымен дайын және клиенттерді күтеді. Сондай–ақ, штатты кеңейту жоспарлануда — жыл соңына дейін ол 85-90 адамға дейін өседі.

Жаңа дилерлік орталықтың директоры Тамерлан Акимов астаналық жаңа дилерлік орталықта әрбір клиент үшін үздік модельдер мен ұсыныстарды таңдауға болатынын атап өтті.

«Біз Астанадағы жаңа Geely дилерлік орталығын таныстыруға қуаныштымыз. Бұл біздің бренд үшін ғана емес, қаланың барлық автокөлік әуесқойлары үшін маңызды қадам. Біздің сапаға және әрбір клиентке назар аударуға деген ұмтылысымыз Қазақстанның автомобиль нарығында лайықты орын алуға көмектесетініне сенімдіміз. Біз сіздерді тест-драйвтарда асыға күтеміз және әрбір клиент үшін үздік модельдер мен ұсыныстарды таңдай алатынымызға сенімдіміз», — деді Тамерлан Акимов.

Жаңа дилерлік орталықта Geely брендінің барлық моделдері, олардың ішінде брендтің барлық сұранысқа ие және озық үлгілері – Geely Atlas кроссовері, үшінші буынды Atlas 4WD, Мonjaro үлкен отбасылық кроссовері, Emgrand соңғы буын седаны, Сoolray және Okavango жылдам кроссовері ұсынылатыны атап өтілді.

Естеріңізге сала кетейік, жаңа буынды толық жетекті Atlas 4WD сатылымы Қазақстанда жақында ғана – өткен айда басталған болатын. Автокөлік Premium және Flagship екі жиынтықта ұсынылады. Жаңа Geely Atlas 4WD СМА заманауи модульдік архитектурасына – Geely-дің шведтік және қытайлық инженерлерінің бірлескен әзірлемесіне негізделген. Atlas 4WD моделінің үшінші буыны жаңартылған футуристік дизайнымен және заманауи технологиялық шешімдерімен ерекшеленеді. Бұл инновациалық кроссовер жолдарда да, жолсыз жерлерде де жайлылықтың, қауіпсіздіктің және өнімділіктің жоғары деңгейін қамтамасыз етеді.

Atlas моделі нарықта бірнеше жылдан бері бар, ол өзін сенімді және сұранысқа ие автокөлік ретінде көрсетті.  Бұл модель Қытайда Geely Boyue деген атпен дебют жасады, ал машинаның экспорттық нұсқалары Atlas атауын алды. Geely Atlas моделінің өзекті буыны 2023 жылдан бастап шығарылады. Geely Atlas 4WD қазақстандық нарықта өзін танытқан корей және жапон брендтерінің автомобильдерінің лайықты баламасы болып табылады.

Ресми дистрибьютор атап өткендей, қазіргі уақытта Қазақстанның 13 қаласыда 18 дилерлік орталық ашылған. Алматыда 5, Астанада 2 және Атырау, Ақтау, Орал, Қарағанды, Қостанай, Өскемен, Шымкент, Тараз, Павлодар, Түркістан, Жезқазған қалаларында 1 Geely автосалондары жұмыс істейді. Жыл соңына дейін Ақтөбе, Петропавл, Қызылорда және Көкшетауда дилерлік орталықтар ашу жоспарлануда.