Абай облысында 80 жылдық тарихы бар мамандар даярлау орталығы жұмыс істейді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған биылғы Жолдауында 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялады. Бұл білікті мамандарды даярлаудың маңыздылығын айқындайды, олар елдің экономикалық дамуының негізі болып, өндірістік инфрақұрылымды нығайтуға ықпал етеді.
Абай облысында бұл бағыттың қарқынды дамуына 1946 жылы құрылған Геодезия, картография және құрылыс колледжі қолдау көрсетуде. 80 жыл ішінде колледж геодезиялық бағыттағы мамандарды және басқа да жұмысшы мамандықтарын даярлайтын алдыңғы қатарлы оқу орындарының бірі ретінде танылды.
Бүгінгі таңда колледжде 1214 студент білім алуда, олардың 50 оқу тобы мемлекеттік тапсырыс негізінде даярланып жатыр, ал 5 топ сырттай бөлімде оқиды. Оқу орны «Геодезия және картография», «Дәнекерлеу ісі», «Жиһаз өндірісі», «Архитектура» және басқа да 14 сұранысқа ие мамандық бойынша даярлықты ұсынады.
Жаңа оқу жылында білім беру үдерісіне 235 қызметкер тартылған, олардың 114-і – педагогтЕр. Колледж заманауи оқыту тәсілдерін енгізіп, тәжірибелік дағдыларды дамытуға және еңбек нарығының талаптарына сәйкес келетін эксперименттік топтарды ашуды жалғастыруда.
Осылайша, Геодезия, картография және құрылыс колледжі Қазақстан экономикасына елеулі үлес қоса алатын, уақыт талабына және өндірістік салалардың сұраныстарына жауап бере алатын мамандарды даярлаудың сенімді іргетасы болып отыр.
Абай облысы ББ баспасөз қызметі