Қонаевтағы көшеге Сағадат Нұрмағамбетовтің есімі берілді

Қонаевтағы Фрунзе көшесіне С.Нұрмағамбетовтің есімі берілді. Осыған байланысты салтанатты шара өтті. Оған әскери қызметкерлер мен қала әкімінің міндетін атқарушы Төлеген Кенжебеков қатысты.

Айта кетейік, бұған дейін Центральная көшесіне Б.Соқпақбаевтың есімі берілген болатын.

Сағадат Қожахметұлы Нұрмағамбетов(25 мамыр 1924, Ақмола облысы, Ақкөл ауданы, Еңбек ауылы — 24 қыркүйек 2013, Алматы) — әскери қайраткер, армия генералы, Кеңес Одағының Батыры, Қазақстан Республикасының тұңғыш қорғаныс министрі, «Халық қаһарманы», Алматы, Астана, Донецк (Украина) қалаларының, Ақмола облысының, Ақкөл ауданының құрметті азаматы.