KazAID және ЕТДҚ өңірдегі орнықты экономикалық өсуге және дамуға жәрдемдесетін болады
«KazAID» Қазақстандық халықаралық даму агенттігінің басқарма төрағасы Аркен Арыстанов және Еуразиялық тұрақтандыру және Даму Қорының (ЕТДҚ) Басқарушы директоры Андрей Широков институттар арасындағы өзара іс-қимыл туралы негіздемелік келісімге қол қойды. Бірлескен жұмыстың мақсаты — ЕФСР мен KazAID үшін ортақ өңірде тұрақты экономикалық өсу мен дамуға жәрдемдесу.
Тараптар жобалық қызметті қаржыландыруды, бірлескен іс – шараларды ұйымдастыру мен өткізуді қоса алғанда, және қолдау алушы мемлекеттердің тұрақты және теңгерімді өсуіне жәрдемдесетін жұмыстың ықтимал бірлескен бағыттарын талқылады.
Еуразиялық тұрақтандыру және Даму Қоры (ЕТДҚ) — 2009 жылы Армения Республикасы, Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Ресей Федерациясы және Тәжікстан Республикасы құрған көлемі 9 млрд АҚШ долларынан асатын өңірлік қаржы тетігі. ЕТДҚ мақсаты Қорға қатысушы мемлекеттерде экономикалық және қаржылық тұрақтылыққа жәрдемдесу, сондай-ақ олардың тұрақты дамуын қолдау болып табылады.
Анықтама: ҚР СІМ «KazAID» Қазақстандық халықаралық даму агенттігін Қазақстан Үкіметі құрды және дамуға ресми көмек (ДРК) саласындағы оператор болып табылады. «KazAID» ДРК саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады, серіктес елдерде даму мен тұрақты өсуге жәрдемдеседі, Қазақстанның әртүрлі салалардағы жетістіктерін ілгерілетеді, тәжірибе алмасуға және әртүрлі елдердің мамандары арасында байланыс орнатуға ықпал етеді.
ҚР СІМ «KazAID» Қазақстандық халықаралық даму агенттігінің
Баспасөз қызметі