Қазақстандық сурдо спортшылар 13 медаль жеңіп алды

Азия-Тынық мұхиты ойындарында ұлттық құрама спортшылары 4 алтын, 6 күміс және 3 қола медаль  жеңіп алды.

Еркін күрестен 65 кг салмақта Андрей Самарин, 70 кг салмақта Жақсылық Досымжан және 125 кг салмақта Хайратхаан Шонку алтын медаль иегерлері атанды. Күміс жүлдені Нұрсұлтан Дүйсембиев (61 кг), Ғасыр Тұрғынбай (74 кг), Әділет Жамбыл (79 кг), Шыңғысхан Әлдибаев (86 кг) және Абдирахман Оспанов (92 кг) жеңіп алды. Ал Николай Рублевский (57 кг) қола жүлдеге иеленді. Сонымен қатар, Асқар Үшкемпіров төртінші орынға тұрақтады.

Сурдо дзюдо бойынша ерлер құрамасы жалпы командалық есепте бірінші орын, ал әйелдер командасы екінші орынға ие болды. Ерлер құрамасында Ерсін Болатов (-73 кг), Шадияр Қуандық (-73 кг),Еркебұлан Канафин (-90кг), Айдос Тугелбаев (-90 кг), Токтарбек Айдарбек (+90  кг) және Сабиржан Хапизов (+90 кг) жеңіске жетсе, әйелдер құрамасында Фериде Кара оглы (-57 кг), Айгерим Абишова (-57 кг), Анастасия Тимошенкова (-70 кг), Орынгүл Серікбек (-70 кг), Анна Краморова (+70 кг) және Ольга Гараева (+70 кг) сәтті өнер көрсетті.

Классикалық шахматта қазақстандық спортшылар Сұлтан Қожахметов (4.5 ұпай) пен Балжан Жұмағазиева (4.5 ұпай) қола жүлдеге ие болды. Сонымен қатар, Амангелді Наурызгалиев бесінші, Нина Жуковская алтыншы, Алмаш Нусерова сегізінші орындарға табан тіресе, Берік Нұрымов, Аслима Абдраманова он бірінші және Наталья Горохова  жарысты он үшінші  орынмен аяқтады.

Айта кетейік,  Х – шы Азия – Тынық мұхиты ойындары Малайзия елінің  Куала – Лумпур қаласында 1 – 8 желтоқсан  аралығында өтеді.