MediaEducation: Атырау жастарының болашағын жарқын етуге арналған жоба

Атырау облысында жастардың тұлғалық және әлеуметтік әлеуетін арттыруға бағытталған ауқымды MediaEducation жобасы жүзеге асырылды. Жоба жастардың тұлғалық дамуын ынталандыру және жас ұрпақтың әлеуметтенуін қамтамасыз етуге арналған әртүрлі әлеуметтік институттардың өзара әрекеттесуіне жағдай жасау, Атырау облысының жастарын блог жүргізу дағдыларына үйрету арқылы мемлекеттік бағдарламалар бойынша ақпараттандыруына негізделген.

MediaEducation аясында 30 жас көшбасшы үшін оффлайн форматта білім беру курстары ұйымдастырылды. Бағдарлама жастардың түрлі қабілеттерін қамтып, камерада жұмыс жасау, шешендік өнер, копирайтинг, мобилография  бағыттарда тереңдете оқытуға бағытталды:

Курстарды өткізу үшін өз саласында мол тәжірибесі бар кәсіби мамандар тартылды. Оқыту нәтижесінде қатысушыларға сертификаттар табысталып, олар 3-тен кем емес мазмұнды ақпараттық материал әзірлеп, әлеуметтік желіде жариялады.

Жоба аясында подкаст түсіру бойынша білім беру курсы ұйымдастырылып, оның нәтижесінде жастардың шығармашылық әлеуетін, сондай-ақ ақпараттық-коммуникативтік дағдыларын шабыттандыру және дамытуға бағытталған қызықты подкасттар түсірілді.

Жобаның маңызды бөлігі ретінде өткізілген «Shabyt қанаты» шығармашылық байқауы жастарға өз таланттарын көрсетуге таптырмас мүмкіндік ұсынды. Байқау аясында жас таланттар келесі бағыттар бойынша өз жұмыстарын ұсынып, нәтижесінде үздік жұмыстар анықталып, ақшалай сыйлықтармен марапатталды:

  • Мобилография саласындағы үздік бейнеролик
  • Музыка өнеріндегі үздік туынды
  • Көркем шығармашылықтағы үздік жұмыс
  • ТикТок бағыты

Шығармашылық байқаудың жүлде қоры 1 500 000 теңгені құрады. Бұл жас дарындардың шығармашылық белсенділігін арттыруға және жаңа идеяларын жүзеге асыруға серпін берді.

Жоба аясында жас таланттардың үздік жұмыстарының көрмесі ұйымдастырылды.

MediaEducation жобасы Атырау облысының жастарына білім беру, дағдыларды дамыту және болашаққа жаңа мүмкіндіктер жасау арқылы ерекше үлес қосты.