Бейбіт және әділетті қоғам құру баршаға ортақ мақсат
ҚазҰУ студенттері ТДМ 16-мақсатын талқылады
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Заң факультеті мемлекет және құқық теориясы мен тарихы,конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасы БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттары аясында қоғамға оң өзгерістер әкелуге бағытталған маңызды жұмыстар атқаруда. ТДМ 16-мақсаты – «Бейбітшілік, әділеттілік және тиімді институттар» деп аталады. Бұл мақсат бейбіт қоғам құруды, әділеттілікті қамтамасыз етуді және барлығына инклюзивті, тиімді институттарды қалыптастыруды көздейді. Кафедра осы бағытта бірқатар жобалар мен бастамаларды жүзеге асырып, Қазақстанның тұрақты дамуына өз үлесін қосып келеді.ТДМ 16 келесі негізгі міндеттерді қамтиды:
1.Қоғамдағы бейбітшілікті нығайту және зорлық-зомбылық деңгейін төмендету;
2.Әділеттіліктің барлығына қолжетімділігін қамтамасыз ету;
3.Сыбайлас жемқорлық пен қылмысты азайту;
4.Барлық деңгейде инклюзивті және ашық институттарды дамыту;
5.Тиімді басқару жүйелерін қалыптастыру.Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ осы міндеттерді іске асыруға бағытталған бірқатар шараларды қолға алып, жастар арасында бейбітшілік пен әділеттілікті насихаттауда көшбасшы рөл атқаруда.
Қара шаңырақта студенттер мен оқытушылар арасында бейбітшілік мәдениетін қалыптастыруға ерекше көңіл бөледі. Университетте: «Бейбітшілік апталығы» шарасы тұрақты түрде ұйымдастырылып, жастар арасында толеранттылық, этникалық және діни келісім идеялары талқыланады.Жастар және бейбітшілік тақырыбындағы семинарлар мен дөңгелек үстелдер өткізіледі, бұл студенттерді әлеуметтік жауапкершілікке үйретеді.ҚазҰУ сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте белсенді жұмыс істейді.Студенттер мен оқытушыларға сыбайлас жемқорлықтың зияны туралы ақпарат беріліп, парасаттылық және әділеттілік құндылықтары насихатталады. Жастар – бейбітшілік пен әділеттілікті насихаттаудағы негізгі қозғаушы күш. Олар өз білімдері мен бастамаларын пайдалана отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресуге, адам құқықтарын қорғауға және инклюзивті қоғам құруға үлес қоса алады.Жоғарыда аталған мақсат — жаһандық тұрақты дамудың ажырамас бөлігі. Оның жүзеге асырылуы тек мемлекеттік органдарға ғана емес, азаматтық қоғамның, әсіресе жастардың белсенділігіне байланысты. Әділетті, бейбіт және инклюзивті қоғам құру – әр адамның міндеті және ортақ мақсаты болуы тиіс.
ҚазҰУ заң факультеті ТДМ 16 аясында әділеттілік пен құқықтық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған:құқықтық сауаттылықты арттыру мақсатында ұйымдастырылатын қоғамдық лекциялар мен тренингтерге қатысады.
ҚазҰУ халықаралық деңгейде бейбітшілік пен әділеттілікті насихаттау бойынша серіктестік орнатқан.Университет «Бейбітшілік, әділеттілік және тиімді институттар»мақсаттарын жүзеге асыруда маңызды рөл атқаруда. Университет бейбітшілік пен әділеттілікті насихаттап қана қоймай, жастарды осы құндылықтарға баулуда. ҚазҰУ-дың бұл бағыттағы жұмыстары Қазақстанның тұрақты дамуы мен әділетті қоғам құруына елеулі үлес қосуда.
Баймаханова Д.М.,
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Заң факультеті мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасының доценті, з.ғ.д