Sinopec: жаһандық энергетикалық қуат және тұрақты дамуға үлес

Қытайдың танымал өнеркәсібінің бірі Sinopec (China Petroleum & Chemical Corporation) өзінің озық технологиясы мен энергетика саласындағы инновациясын жаһандық деңгейде көрсетіп келеді. Осы жылдар ішінде Sinopec мұнай-химия өнеркәсібін табысты дамытып, жасыл технологияларды ілгерілетіп, қоршаған ортаға әсерді азайтты.

Sinopec-тің негізгі жобаларының бірі – қуаттылығы жылына 100 мың тонна авиациялық биоотын өндіретін қондырғы. Мейрамхана мен қоғамдық асхананың қалдық майын отынға айналдырудың бұл бірегей технологиясы оның өмірлік циклі ішінде көмірқышқыл газының шығарындыларын 50%-дан астамға азайтуға көмектеседі. Мұндай биоотын қазірдің өзінде әуе компаниялары пайдаланады және қытайлық C919 коммерциялық ұшақтарында сынақтан өтті.

Sinopec смарт технологияларды белсенді түрде енгізуде. 2020 жылы жасанды интеллект пен үлкен деректерді пайдалана отырып, алғашқы ұшқышсыз қосалқы станция пайдалануға берілді. Бұл қосалқы станциялар нөлдік көміртегі шығарындыларын қамтамасыз ететін күн батареяларымен жұмыс істейді. Бұл компанияның экологиялық жауапкершілікке және энергетикалық инфрақұрылымының тиімділігін арттыруға деген ұмтылысын көрсетеді.

Sinopec «Бір белдеу, бір жол» бастамасы аясында Қазақстанмен белсенді ынтымақтастың орнатты.  Компания озық технологиялары мен тәжірибесін пайдалана отырып, энергетика саласының дамуына үлес қосуда. Бұл өзара іс-қимылдың маңызды аспектісі Sinopec-тің жаһандық стратегиясына сәйкес келетін тұрақты дамуды қолдау болып табылады.

2024 жылдың 19 сәуірінде SINOPEC компаниясы құны 7,7 миллиард доллар болатын қазақстандық полиэтилен зауытының құрылысына ресми түрде кірісті. Зауыт Атырау облысындағы мұнай-химия кластерінің бір бөлігіне айналады және «Қарабатан» арнайы экономикалық аймағында, Теңіз кен орнының жанында орналасады.

«ҚазМұнайГаз» және ресейлік «Сибур» холдингімен бірлесіп жүзеге асырылып жатқан жоба көмірсутегі шикізатын тереңдетіп өңдеуге және жоғары қосылған құны бар өнімдер жасауға бағытталған. Зауыттың жоспарлы қуаттылығы өнімнің премиум сорттарын қосқанда жылына 1,25 миллион тонна полиэтиленді құрайды, бұл оны Қазақстанның өңдеу өнеркәсібіндегі ең ірі нысандардың біріне айналдырады.

Sinopec жоғары өнеркәсіптік стандарттарды экологиялық жауапкершілікпен үйлестіре алатын жаһандық көшбасшы ретіндегі позициясын нығайтуды жалғастыруда. Компания өзінің инновациялары арқылы бүкіл әлем бойынша тұрақты дамуға елеулі үлес қосуды жалғастырады.

Ғазиза Ұзақ

Нинбо қаласы