Жолдау – жарқын болашақ кепілі
Күштı Президент жүйелı жоспар
Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Тоқаев ел халқына жолдауын жариялады. Ел игıлıгı үшıн жасап жатқан қызметтерı ұшан теңıз. Жаңа жолдау – жаңа бастама екендıгıне әрине ел, халық бәрıмıз қуанамыз. Жаңа кезеңге қадам баса отырып, бıрнеше жаңа заңдар қабылданғанына ерекше назар аударуымыз қажет. Халықтың әл-ауқатын көтеру, оларға жағдай жасау, олардың құқықтарын қорғау барлығы мемлекет құзырындағы нәрсе.
Болашақтың басты қадамдарын ойлаған Парламент
Осы тарапта әлеуметтıк салаға, әсıресе балаларды қорғау ıсıне айрықша көңıл бөлıнгенı ата-аналарға қуаныш сыйлағаны анық. Ұлттық қордан балалардың есепшотына қаржы аударуға қатысты заңның қабылдануы жақсы жетıстıк. Саналы адам басын емес, баласын, ұрпағын ойлайды деген нақыл сөз тегıннен – тегıн айтылмаса керек. Ұлттың жарқын болашағы – жас ұрпақ десек, оларға көңıл бөлу игı ıс.
Қазақстан халқы қазıр жаңа саяси жағдайда өмıр сүруде. Соңғы жылдары ауқымды реформалар жасалды. Елıмıздıң саяси жүйесı түбегейлı өзгердı. Жұрттың сана-сезıмıнде бетбұрыс болып жатыр. Халықтың құқықтық мәдениетı артып келедı. Азаматтардың бойында жаңа әдеттер, дағдылар қалыптасып, жаңа құндылықтар орнығуда. Өткенıмен ғана өмıр сүрмей алға қарай ұмтылу ол шынайы талпыныс. Өткенıмен ғана өмıр сүретıн жұрт өркениеттı ел бола алмайтыны анық. Жаңа құндылықтар жүйесıн қалыптастыру тıл мен әдет-ғұрыпты қастерлеп қадıрлеуден бастау алады десем қателеспеймıн.
Әдıлеттı Қазақстанның жастарға мүмкıндıгı
Сондықтан зиялы қауым ең алдымен елıмıздıң бıрлıгıн нығайтып, тıлıмıздıң кемелденуıне баса назар аударғаны жөн. Ұлттық тıл көтерıлсе, ұлттық рух көтерıледı. Жаңа кезеңге қадам басқан халық ретıнде жаңару, жаңғыру бағдарын қолдаймын. Бәсекелестıктı дамытып, халқымызға толық мүмкıндıк берıлıп, өзектı мәселелердıң шешıмı табылса, Қазақстан халқының табысты ұлт болуына мүмкıншıлıк көп.
Мен өз елıммен мақтанамын!
Досумбекова Мейрманкул Тілешқызы,
əл-Фараби атындағы ҚазҰУ
Заң факультетінің қылмыстық құқық және
іс жүргізу, криминалистика кафедрасының оқытушысы
Серıкбай Иманғали,
3 курс студенті