USAID Орталық Азияда туберкулезді жоюға арналған жаңа жобасының басталғанын хабарлайды
Америка Құрама Штаттарының Қазақстандағы Елшісі Дэниел Розенблюм USAID-тің Орталық Азияда Туберкулезді жоюға аймақтық тәсілдерге (Regional Approaches for Eradicating Tuberculosis — RAFET) арналған құны 10 миллион доллар жаңа бесжылдық жобасының іске қосылғанын жариялады.
Елші Дэниел Розенблюм кіріспе сөзінде: «USAID отыз жылға жуық бойы Қазақстандағы туберкулезге қарсы Ұлттық бағдарламаның серіктесі болып келеді және оның туберкулездің ауыртпалығын азайту және қазақстандық отбасылардың әл-ауқатын жақсарту жөніндегі ортақ мақсаттарын қолдайды. Осы жылдар ішінде Қазақстан және Орталық Азияның барлық елі туберкулез диагностикасы, емдеу және қаржыландыруды жақсарту арқылы туберкулезбен күресте керемет жетістіктерге жетті. Осы ілгерілеушіліктерге қарамастан, көп дәріге төзімді туберкулез бүкіл Орталық Азияда күрделі мәселе болып қалып отыр. АҚШ үкіметі USAID арқылы аймақтағы туберкулезбен күресу үшін ұлттық бағдарламаларға көмектесу мақсатында инновациялық, үнемді тәсілдерді енгізуді қолдайды,»-— деп атап өтті.
Орталық Азия аймағындағы әрбір елде туберкулезге қарсы күрестің өзіндік стратегиясы болғанымен, туберкулездің эпидемиялық процестері мен демография, трансшекаралық және бағдарламалық қиындықтары бойынша аймақтық ұқсастықтар бар. Бұл Орталық Азиядағы туберкулезбен күрес жөніндегі ұлттық күш-жігерді толықтыратын елдер аралық оқуды жеңілдетіп, озық тәжірибелерді ортаға сала отырып, трансшекаралық ынтымақтастық пен өзара білім алуға мүмкіндіктер жасайды.
Бұл жаңа аймақтық бағдарлама Орталық Азия аймағындағы туберкулездің, әсіресе дәріге төзімді туберкулездің ауыртпалығын төмендетуге бағытталған. Бұл кездесуге мемлекеттік қызметкерлер, Орталық Азия елдері денсаулық сақтау министрліктерінің, Туберкулезге қарсы ұлттық бағдарламалардың (ТҰБ) өкілдері, халықаралық серіктестер қатысты. Олардың қатарында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы, ЖИТС, туберкулез және безгекпен күрес жөніндегі жаһандық қоры, «Туберкулезді тоқтату» Серіктестігі, USAID ел миссиялары, USAID екіжақты жобалары және туберкулезбен ауыратын халықтың осал топтарымен жұмыс істейтін азаматтық қоғам ұйымдары.
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Ержан Нұрлыбаев АҚШ үкіметінің қолдауын жоғары бағалап, туберкулезбен күрестегі ұзақ мерзімді және жемісті ынтымақтастық үшін алғысын білдірді.