«Менің мамандығым – менің санаулы таңдауым»

2024 жылдың 18 қазан күні тұрақты даму мақсаттарының 4-мақсаты «Сапалы білім беру» бағытында және әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 90-жылдық мерейтой аясында заң факультетінің «Қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика» кафедра профессор-оқытушы құрамымен ұйымдастырылған «Менің мамандығым – менің санаулы таңдауым» атты заң факультететінде білім беру бағдарламасының 1 кус студенттерінің  қатысуымен ең үздік эссе байқауының марапаттау салтанаты заң факультетінің 4 қабатында орналасқан Мамытов атындағы 413 аудиториясында өтті.

Байқаудың мақсаты: студенттердің ойлау қабілеттерін дамыта отырып, болашақ мамандыққа байланысты ұғымдарын тереңдетіп, қызығушылықтарын арттыру. Жұмыстың мазмұнымен, мағынасымен айрықшаланатын мамандық әлемінң түрлілігі туралы түсінік қалыптастыру.

Байқауға: Қазақ Ұлттық Аграрлық Зерттеу Университеті; әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті; «Тұран» университеті, Қарағанды қаласынан Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды Техникалық университет; Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Шымкент қаласынан М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, Қонаев университетінің студенттері қатысты.

Кафедра мәжілісінде бекітілген арнайы әділ қазылар байқауды бағалады төрайымы: з.ғ.к., профессоры Г.М. Атаханова, мүшелері з.ғ.к., доцент О.Н. Тілепбергенов, з.ғ.к., аға оқытушы С.Ш. Даубасов, з.ғ.к., доценті А.Д. Байсалов, з.ғ.к., аға оқытушы Н.С.Темірболат.

Қорыта келе, байқау студенттерге мамандық таңдау өте жауапкершілікті талап ететін маңызды іс екендігін, мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйену керектігін ұғындырды. Кафедра ұжымы қатысып, жеңіске жеткен студенттерге арнайы I, II және III дәрежелі дипломдарын табыс етті.

Сонымен қатар, кафедра меңгерушісі з.ғ.д., профессор Р.Е.Джансарева студенттеріміздің құқықтану мамандығын таңдауларына себеп болған өздерінің тәжірибесімен бөліскендері үшін құттықтауын білдіріп, мамандық таңдау — бұл жеке құмарлық пен мағыналы әсер етуді қалайтын маңызды және саналы шешім осы саладағы білім мен ғылымның бірегей үйлесіміне деген сүйіспеншіліктерін көрсетті.

С.Ш. ДАУБАСОВА,

 Қылмыстық құқық,

қылмыстық іс жүргізу

және криминалистика

кафедрасының аға оқытушысы