Алматыда Elle Beauty Awards 2024 жеңімпаздары анықталды

Partners Media Group сұлулық пен әсемдік саласындағы үздік компаниялардың басын қосып, Elle Beauty Awards 2024 марапаттау рәсімін өткізді.
Rixos Almaty салтанат залында бас қосқан қонақтар сұлулық индустриясының үздіктерін атап өтіп, сұлулық, шабыт пен талғампаздық атмосферасына бөленді.
Рәсімге нарық басшылары, танымал сарапшылар және атақты қонақтар жиналды. Екі айдың ішінде elle.com.kz сайтының оқырмандары тері күтімі, сәндік косметика және парфюмерия сияқты әр түрлі номинациялар бойынша сүйікті сұлулық өнімдерін таңдады. Жеңімпаздар туралы шешім оқырмандардың дауысы (60%) және редакцияның пікірі (40%) негізінде қабылданды. Үздіктердің қатарында Dior, Amway, Mary Kay, Atomy секілді танымал бренд өнімдері бар.
Салтанатты шара тек марапаттау рәсімін ғана емес, сонымен қатар, сарапшылардың тұсаукесері, мерекелік кешкі ас және сала көшбасшыларымен байланыс орнатудың бірегей мүмкіндігін қамтыды. Қонақтар қарым-қатынастың, ашылулардың және жаңа идеяларды қолдаудың жылы сәттерінен ләззат алды.
Кештің арнайы қонақтары Австралияның ең танымал астрологы Анджела Перл және Karl Lagerfeld, Calvin Klein және Michael Kors брендтерімен жұмыс істеген жұлдызды макияж суретшісі Захар Гринов салтанатты шараның көркін ашты.
Өз кезегінде Анжела ханым шараның жоғары деңгейде өткізілгенін тілге тиек етті:
«Elle Beauty Awards шарасының ұйымдастырушыларына әуелі алғыс айтқым келеді. Олардың ой-өрісінің кеңдігіне, кәсіби біліктілігіне ризамын. Өздері жас болса да үлкен істің басын ұстап, осындай керемет кешті ұйымдастырып жатқанына қуаныштымын. Бұл кеш Қазақстанның әлемдік сұлулық картасында лайықты орын алатынын көрсетті. Әлемнің бірқатар елдерінде болсам, мұндай шараға алғашқы мәрте қатысу үлкен бақыт! Бүгін әсемдік мен сұлулықтың нұры төгілетін ғажап кеш!»
«Әрбір жан бақытты болуға лайық. Әрбір жан әрдайым ізденіс болғаны абзал. Айналамызда болып жатқан әр дүниеге мән беріп, ризалышылығын білдірсе деймін. Осы орайда Elle Beauty Awards шарасы тек сұлулық индустриясының жетістіктерін көрсетіп қана қоймай, мына ғажап өмірдегі әрбір сәттің әрқайсымыз үшін шабыт көзі ретіндегі маңыздылығын еске салатындай,» — деді кеш қонағы Анжела Перл.
Elle Beauty Awards 2024 бұл жай ғана марапат емес, Қазақстандағы сұлулық индустриясының болашағын қалыптастыратын креативті ойларды біріктіретін алаң екенін тағы бір рет дәлелдеді.
Фотосуреттер Elle Beauty Awards 2024 шарасының ұйымдастырушылары тарапынан берілді