«Медеу» мұз айдынын реконструкциялау барысында оның тарихи келбеті мен мәдени мұрасы сақталады
Алматы спорт нысандарын басқару жөніндегі дирекциясының мәліметінше, 2023 жылы «Медеу» мұз айдыны мен оның инженерлік желілерінің техникалық жағдайын тексеру және бағалау жұмыстары жүргізілді. Бұл зерттеудің мақсаты – жаңғырту тұжырымдамасы мен жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу. Сараптама қорытындысына сәйкес, қазіргі уақытта мұз айдыны жаппай сырғанау үшін қауіпсіздік талаптарына сай келеді.
«Медеу» БТСК аумағын көркейту жұмыстары: мұз айдынының батыс сызығы бойымен серуендеу аллеясын құру, айдын айналасында жаяу жүргіншілерге арналған баспалдақтар орнату, оңтүстік беткейде, Есентай өзенінің оң жағалауы бойымен көркейту жұмыстарын жүргізу, іргелес аумақты жақсарту мен мүмкіндігі шектеулі азаматтарға ыңғайлы болуы үшін оңтүстік-шығыс және оңтүстік-батыс бөлігінде екі жедел саты орнату көзделген.
Инженерлік жүйелерді жаңғырту: тоңазытқыш жабдықтары мен мұз жабынын суыту жүйесін жаңарту, құбыр желілерін толық ауыстыра отырып, технологиялық тақтаны жаңарту, жылыту жүйесін газға ауыстыру, жылыту және көрермендерге арналған орындарды жылыту жүйесін жаңғырту, энергияны үнемдеуді арттыру және келушілерге қолайлы жағдай жасау үшін инфрақұрылымдық элементтерді жаңарту, инженерлік жүйелер, коммуникациялар мен электр жабдықтарын толықтай ауыстыру жоспарланып отыр.
Сонымен қатар, «Медеу» қонақ үйін толық реконструкциялау жоспарға енген.
Реконструкциялау барысында «Медеу» мұз айдынының тарихи келбеті мен мәдени мұрасын сақтау басты басымдық болып қала береді.