Алматыда Қытай Жаңа жылына арналған жарқыраған мереке өтті

Алматыдағы Қытай Халық Республикасының Бас консулдығының ұйымдастырумен «Көктем мерекесіне жылы қауышу: Қытай Жаңа жылын бірге қарсы аламыз» атты Жарық фестиваліне арналған салтанатты шара ұйымдастырды.

Мерекелік кешке Қытайдың Алматыдағы Бас консулы Цзян Вэй, ҚР Сыртқы істер министрлігінің Алматыдағы өкілдігінің басшысы Жәнібек Әбдірашов, Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев және 600-ден астам қонақ қатысты. Олардың қатарында Қазақстандағы қытай халқының диаспорасының өкілдері, БАҚ өкілдері, кәсіпкерлер, студенттер мен түрлі сала мамандары болды.

Салтанатты рәсім барысында Бас консул Цзян Вэй жиналғандарды Жаңа жылмен құттықтады:

«Қытай Жаңа жылы – жақындарымызбен қауышып, өткенге алғыс айтып, болашаққа үміт артатын шуақты мереке. Қазақстанмен достық пен ынтымақтастығымыз уақыт сынынан өтіп, жылдан-жылға беки түсуде. Біз ортақ болашағымыздың жарқын болатынына сенеміз»

Шара барысында Алматыдағы Қытай Бас консулдығы екі ел арасындағы достық пен өзара түсіністікті одан әрі нығайтуға дайын екенін жеткізді.

Қытай халқының дәстүрлі Жаңа жылы — әлемдегі ең күтілетін және жарқын мерекелердің бірі. Бұл мерекеде Қытай елінде ресми демалыс жарияланып, алыс-жақын ағайындармен көріседі, бір-біріне сыйлықтар беріп, игі жақсылықтарды тілейді. Айналаға әдемі шамдар ілініп, мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылады.

Аспан асты еліндегі атмосфера Алматыда да орнады. Алматы халықаралық әуежайының Т2 терминалының (халықаралық рейстер) ұшып шығу аймағында «Көктем мерекесіне жылы қош келдіңіз: Қытай Жаңа жылын бірге тойлау» атты фотоаймақ ашылды. Ал Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрында ұйымдастырылған шарада Қытай мен Қазақстан елдерінің атақты майталмандары өнер көрсетті.

Ғазиза Ұзақ

Telegram-канал: ✨ Алматыда Қытай Жаңа жылына арналған жарқыраған мереке өтті