Алматы әкімі Ерболат Досаев пен Inspur Group басшылығы цифрлық шешімдер саласындағы әріптестіктің келешегін талқылады

ҚХР-на жұмыс сапары аясында Алматы әкімі Ерболат Досаев бұлтты есептеулер, үлкен деректер және интеллектуалды шешімдер әзірлеуде жетекші қытайлық Inspur Group компаниясының басшылығымен кездесті. Келіссөз барысында тараптар қалалық инфрақұрылымды цифрландыру, озық ІТ-шешімдерді енгізу және көлік жүйесін интеллектуалды басқару саласындағы ынтымақтастық мүмкіндіктерін қарастырды.
Серіктестік аясында Inspur Group Алматыда бірқатар бастаманы жүзеге асыруды жоспарлап отыр. Атап айтқанда, көлікті басқару бойынша командалық орталық құру, серверлік жабдықтар мен цифрлық шешімдерді жеткізу, Алматыда зияткерлік көлік жүйесін (ITS) енгізу – бұл қаладағы жол қозғалысын үйлестіру тиімділігін арттыруға бағытталған. Бұған қоса, компания Алматыда көлік технологияларын дамыту, төтенше жағдайларға әрекет ету, су ресурстарын қорғау, денсаулық сақтау және зияткерлік терминалдар саласындағы шешімдерді әзірлеу жөніндегі ғылыми-зерттеу орталығын ашу мүмкіндігін қарастыруда.
Кездесу соңында тараптар қалалық қызметтердің сапасын арттыру және Алматыдағы көлік легін басқаруды жақсарту мақсатында ынтымақтастық пен серіктестікті одан әрі дамыту жөнінде келісімге келді.
Алматы қаласының баспасөз қызметі
Telegram-канал: Аким Алматы Ерболат Досаев и руководство Inspur Group обсудили перспективы сотрудничества в сфере цифровых решений