Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевтың баяндамасы

Құрметті Медеу ауданының тұрғындары!

Сіздерді 2025 жылғы алғашқы кездесуімізде көргеніме қуаныштымын! Бүгін мен сіздермен өткен жылғы бірлескен жұмысымыздың қорытындылары-мен және 2025 жылы ауданды одан әрі дамыту жөніндегі жоспарларымызбен бөліскім келеді.

Медеу ауданы — аумағы бойынша қаламыздағы ең ірі аудан, оның қаржы және туристік орталығы.
2024 жылы Медеу ауданының экономикасы оң динамика көрсетіп отыр.

Белсенді жұмыс істейтін бизнес субъектілерінің саны 5,2%-ке ұлғайды, бөлшек сауда көлемі 5%-ға өсті  және құрылыс саласының өсуі 38,7% құрады. Бұл Медеу ауданының салық түсімдерін 443,1 млрд теңге дейін 18,7%-ке ұлғайтып, 8 мың жаңа тұрақты жұмыс орнын құруға мүмкіндік берді.

Туризм де белсенді қарқын алып келеді. 2024 жылдың 9 айында Медеу ауданына 430 мыңнан астам турист, оның ішінде 100 мың шетелдік турист келген, бұл 2023 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 6%-ке көп.

Экономиканың белсенді дамуының арқасында Медеу ауданының бюджеті 2024 жылы 32%-ке ұлғайып, 36,1 млрд теңгеге жетті, ал 2025 жылы тағы 6,4%-ке өсіп, 38,4 млрдтеңгені құрады.

Қала және сіздердің аудан әкімдігі жұмысының негізгі бағыттары инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымды одан әрі модернизациялау, сондай-ақ жайлы қалалық ортаны белсенді дамыту болады.

2025 жылы Медеу ауданын дамытудың маңызды басымдықтарының бірі тұрғындарды сапалы инженерлік инфрақұрылымменкешендіқамтамасыз ету.

2024 жылы «Каменское плато», «Көлсай», «Мұзтау» және «Юбилейный» шағын аудандарын үздіксіз сумен жабдықтау үшін 6 скважина салынды, қуаты тәулігіне 37,7 мың м3 су болатын 12 насос орнатылды, көлемі 7,3 мың м3 құрайтын 7 резервуар және 6 км магистральдық желі салынды, бұл мақсаттарға 3,5 млрд. теңге бөлінді.

2024 жылдың шілде айында Талғар жер асты суларының кен орындарынан тәулігіне 32 мың м3 су беруді қамтамасыз ететін, құны 3,2 млрд. теңге резервтік сумен жабдықтау жүйесінің құрылысы аяқталды. Бұл «Самал», «Көктөбе» және «Таулы қырат» шағын аудандарының 50 мың тұрғынын сумен қамтамасыз етуге  мүмкіндік берді.

Сондай-ақ, 2024 жылы «Кеңсай», «Компот», «Думан» және «Көлсай» шағын аудандарының тұрғындары үшін 61 км сумен жабдықтау және су бұру желілерінің құрылысы аяқталды, жобаның жалпы құны – 6 млрд теңге.  

2025 жылы бөлінген 9,6 млрд теңге шеңберінде «Мұзтау», «Сұлусай», «Атырау», «Алатау», «Малая Станица» және «Таулы қырат» шағын аудандарында тағы 100 км сумен жабдықтау және су бұру желілерінің құрылысы аяқталады.

Биыл наурыз айында «Каменское плато» шағын ауданының 7 мың тұрғыны үшін құны 8,1 млрд. теңгені құрайтын 50 км сумен жабдықтау және су бұрудың тарату желілерін салу жөніндегі ірі инфрақұрылымдық жобаны іске асыруға кірісеміз. Жұмыстарды 2026 жылдың қыркүйек айында аяқтау жоспарлануда.

Медеу ауданын сапалы сыртқы жарықтандырумен қамтамасыз ету жұмыстары жалғасуда. 2024 жылы жарықтандыруды модернизациялауға 1,5 млрд теңге бөлінді. Жұмыс барысында 65 км кабель желілері ауыстырылды,
9 900 жаңа шам және 185 тірек орнатылды.

Осы жылдың сәуір айында 104 бау-бақша серіктестігінде және ауданның  жарықтандырыл-маған 5 көшесінде 83 км сыртқы жарықтандыру желілерінің құрылысы басталады. Бұл бұрын ешқашан көше жарығы болмаған учаскелер және біз жұмыстарды 2025 жылдың қараша айына дейін аяқтауға ниеттіміз, осындай маңызды жобаны іске асыруға 1,5 млрд теңге бөлінді.

Қаламыздың маңызды имидждік жобаларының  бірі өткен жылдың тамыз айында іске қосылған «Көктөбе» телемұнарасын сәулеттік жарықтандыру болды. Жоба аясында 38 мың LED-модуль, 153 прожектор және 377 қуат блогы бар бірегей жүйе орнатылды. Жаңа жарықтандыру әрбір оқиға үшін ерекше атмосфера құруға мүмкіндік берді.

Медеу ауданының таулы алаптары тұрғындарының қауіпсіздігінқамтамасыз етуге ерекшекөңілбөлінеді.

2024 жылғы ақпанда болған қайғылы оқиғалардан кейін бір жылдан соң Олимпийская көшесіндегі көшкіннің салдарын жою жұмыстары аяқталды. 1 500 кв. метр беткей тазартылды, көлемі 900 м3 габион конструкциялар, 770 м нөсер жауын лотоктары орнатылды, 772 м2 брусчатка төселді, 2 660 м2 кабельдік-торлы жүйе орнату аяқталды.

2024 жылы менің тапсырмаммен Медеу ауданындағы көшкін жүру қаупі бар аймақтарды анықтау, топырақтың тұрақтылығын және су бұру жүйелерінің тиімділігін бағалау үшін 82 учаскеге егжей-тегжейлі зерттеу жүргізілді. Нәтижесінде көшкін қаупі бар 17 учаске анықталды. Өткен жылдың қазан айында қала резервінен 1,5 млрд теңге бөлініп, оларды нығайту жұмыстары басталды, жұмыстар
2025 жылдың маусым айындааяқталады.

Бұдан басқа, 28 учаске бойынша сараптамалық қорытындылар және жер учаскелерінің меншік иелеріне тиісті ұсынымдар берілді. 16 учаскеде қауіпті құрылыстарды бұзуды, жер учаскелерін сатып алуды және оларды нығайтуды қамтитын топырақтың бұзылуына, жер бедерінің деформациялануына және ықтимал көшкіндерге жол бермеу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Есентай өзенінің арнасында мұз-су көшкіндерінің салдарын жою және олардың қайта пайда болу қаупін азайту мақсатында 2025 жылғы ақпанда тасқынды ағындардың жылдамдығын бәсеңдететін және мұз шығарындыларының алдын алатын жасанды құрылыстарды орнату жұмыстары аяқталды. Жоба аясында 20 мың м3 үйінді қоймасын  тазарту жүргізілді, 650 м жағалау габион конструкциялармен нығайтылды, 39 ұстап тұру құрылыстары мен 11 тосқауыл салынды. Жобаның құны – 1,9 млрдтеңге.

Туризмді дамыту үшін таулы аудандарда орналасқан туристік объектілерге баратын жолдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлінеді. 2024 жылдың тамыз айында «Мохнатка» және «Горельник» тауларының баурайында тас құлауының салдарын жоюға
1,9 млрд теңге бөлінді. Жұмыс барысында
100 мың кв. метр аумақ тазартылды, 62 мың кв. метрден астам беткейлер нығайтылды, 3 км су бұру жүйесі салынды, сондай-ақ 11 монолит камера орнатылды.

Жол және көлік инфрақұрылымын сапалы дамыту әкімдік жұмысының маңызды бағыттарының бірі болып қала береді.

  1. 2024 жылы жалпы сомасы 1,2 млрд теңгеге
    26 көшеде 23 км жолға орташа жөндеу жүргізілді,
    2025 жылы 25 көшеде тағы 23,7 км жолға орташа жөндеу жүргізу жоспарлануда.

Көше-жол желісінің сапасын арттыру үшін
2024 жылы ауданда 64 мың м² жол жабыны қалпына келтірілді, 30 көшеде 14,3 км тротуар және 10 км арық желілері салынды. Осы жылы бөлінген 500 млн теңге шеңберінде тағы 73 мың м² жол жабынын жөндеу, 9 көшеде 36 км астам тротуарларды жабдықтау және 18 көшеде 5 км арық желілерін салу жоспарлануда.

Қоғамдық көлік қызметтерінің сапасын арттыру үшін 2024 жылы жылжымалы құрам 300 бірлікке 1 220-дан 1 569 автобусқа дейін ұлғайтылды, бұл  8 жаңа маршрутты ұйымдастыруға, 42 қолданыстағы маршрутты жаңартуға және күшейтуге мүмкіндік берді.

2025 жылғы мамырда жылжымалы құрам
13 маршрутта тағы 44 автобусқа ұлғайтылатын болады.

Медеу ауданының қоғамдық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін 2024 жылдың наурыз айында
53 «Сергек» аппараттық-бағдарламалық кешені, 475 жаңа бейнемониторинг камерасы орнатылды. 2025 жылдың соңына дейін тағы 310 камера орнатуды жоспарлап отырмыз.

Халықтың өсуін және оқушы орындарының тапшылығын азайту қажеттілігін ескере отырып, білім беру объектілерін салу және кеңейту бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде.

«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында Құлжа күре жолының оңтүстігінде 2000 орындық жаңа мектеп құрылысы басталды. Құрылыс-монтаждау жұмыстарын аяқтау 2025 жылдың тамызына жоспарланған.

2025 жылғы тамызда №161 және
№33 мектептерді сейсмикалық күшейтумен күрделі жөндеу жұмыстары аяқталады. Жобаларды іске асыру құны 2,3 млрд теңгені құрайды.

Қолданыстағы мектептерді кеңейту үшін 3 мектепке қосымша құрылыстар салынуда. №35 мектепке 300 орындық қосымша құрылыс биылғы жылдың маусым айында аяқталады, № 99 мектепке 250 орындық қосымша құрылыс осы жылдың қараша айында аяқталады. Сондай-ақ Назарбаев зияткерлік мектебі өз қаражаты есебінен 320 орындық қосымша құрылыс салуда, аяқталуы осы жылдың тамыз айына жоспарланған.

Биылғы жылдың мамыр айында №131 мектепке 300 орындық қосымша ғимарат салуға кірісеміз, 2,9 млрд теңге қарастырылған.

Бұдан басқа 2025 жылдың қыркүйек айында «Думан» шағын ауданында 1 200 орындық жеке мектептің құрылысы басталады, оның аяқталу мерзімі 2026 жылдың тамыз айы.

Мектепке дейінгі білім беру желісін модернизациялауға ерекше көңіл бөлінеді.

2024 жылы 720 орындық 14 жеке меншік балабақша ашылған. 2025 жылдың соңына дейін
500
орындық тағы 10 жеке балабақша ашу жоспарлануда.

2025 жылдың ақпан айында «Думан-2» шағын ауданында 320 орындық жеке балабақшаның құрылысы басталды. Аяқталу мерзімі — 2026 жылдың ақпан айы.

Биылғы жылдың сәуір айында №195 балабақша ғимаратын 1,2 млрд. теңгеге сейсмикалық күшейтумен күрделі жөндеу аяқталады.

Әлеуметтік жауапкершілік аясында «BI Group» құрылыс компаниясы 2025 жылдың тамыз айында жетім балаларға арналған «Жанұя» мамандандырылған кешенінің ескісін бұзып, жаңа ғимаратының құрылысын аяқтайды. Жобаның құны 5,9 млрд теңгені құрайды.

Медеу ауданының денсаулық сақтау инфрақұрылымын жақсарту бойынша жұмыстар жалғасуда.

Аудан тұрғындарының сапалы медициналық қызметтерге қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында 2024 жылдың мамыр айында 1 млрд теңге бөлініп, №2 қалалық мамандандырылған балалар үйінің ғимаратын күрделі жөндеу жұмыстары басталды. Құрылыс-монтаждау жұмыстарының аяқталуы — 2025 жылдың наурыз айы.

Жедел жәрдем жүйесін жаңарту аясында
2025
жылғы маусымда ескісін бұза отырып, №4 жедел жәрдем қосалқы станциясының жаңа ғимаратының құрылысы аяқталады, бұл медициналық ден қоюдың сапасын және жеделдігін арттырады. Жобаның құны — 1,2 млрд теңге.

Осы жылдың тамыз айында «Думан» шағын ауданында ауысымына 500 келушіге арналған емхананың құрылысына жобалау сметалық құжаттама әзірлеуді аяқтауды, «Алатау» емханасын реконструкциялауды, сондай-ақ ескісін бұза отырып, №2 перзентхананың жаңа ғимаратын салуды жоспарлап отырмыз.

Ауданның қоғамдық кеңістігін дамыту бойынша жүйелі жұмыс жалғасуда.

Аудан тұрғындарының уақыт өткізуі мен демалысына қолайлы жағдай жасау үшін 2025 жылдың сәуір айында «Терренкур»-дың 3,4 га аумағын
1,5 млрд теңгеге модернизациялау жобасы аяқталады. Жоба тоғанды абаттандыруды, рекреациялық аймақтарды, балалар мен спорт алаңдарын құруды қамтиды.

2025 жылғы мамырда Достық даңғылының және Пушкин көшесінің жалпы сомасы 4,5 млрд. теңгеге «қасбеттен қасбетке дейін» кешенді абаттандыру бойынша ауқымды жұмыстарға кірісеміз. Осы жобалар шеңберінде жол жабыны жаңартылады, веложолдар, спорттық және серуендеу аймақтары жабдықталады, кешенді көгалдандыру жүргізіледі. Құрылыс-монтаждау жұмыстарының аяқталу мерзімі — 2025 жылдың соңы.

2024 жылы «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы бойынша 2 млрд теңге бөлініп, 20 аула аумағын абаттандыру, 7 қоғамдық кеңістікті абаттандыру және 7 учаскеде автосуару жүйесін орнату бойынша 34 жоба іске асырылды.

2025 жылы Халық қатысатын бюджет шеңберінде 34 жобаны іске асыруға 2 млрд. теңге бөлінді. Осы жылдың сәуір — қыркүйек айлары аралығында 17 аула аумағын және 13 қоғамдық кеңістікті абаттандыру, 4 учаскеде автосуару жүйесін орнату жоспарланған.

Жайлы қалалық ортаны және тұрғындардың белсенді демалысы үшін қолайлы жағдай жасау үшін 2024 жылы 60 аула аумағын күрделі жөндеуге жобалау-сметалық құжаттама әзірленді, оған сәйкес осы жылдың сәуір айында жөндеу жұмыстары басталады.

Алматы қаласының баспасөз қызметі

Telegram-канал: 📌Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевтың Медеу ауданының тұрғындарымен кездесуі