Қазақстан Сыртқы істер министрлігінде кезектен тыс алқа отырысы өтті

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеудің төрағалығымен ҚР сыртқы саяси ведомствосының кезектен тыс алқасы өтті.
Алқаға ҚР Президенті Әкімшілігінің өкілдері, СІМ басшылық құрамы, сондай-ақ мемлекеттік органдарының өкілдері қатысты.
Отырысқа қатысушылар министрліктің негізгі құрылымдық бөлімшелері басшыларының халықаралық ынтымақтастық пен сыртқы саяси қызметті нығайту жөніндегі шараларды іске асыру мәселелері бойынша баяндамаларын тыңдады.
Өз сөзінде СІМ басшысы жаңа геосаяси шындық жағдайында өтіп жатқан бұл алқаның маңыздылығына назар аударды. Сондай-ақ елдік және өңірлік басымдықтар бойынша барлық шаралар кешенін жаңғырту, сондай-ақ нақты бағыттар бойынша стратегиялық міндеттерді шешуге ресурстарды шоғырландыру қажеттігін атап өтті.
Сонымен қатар елдің жаһандық көпжақты форматтар мен жетекші халықаралық ұйымдарға қатысуын арттырудың маңыздылығы аталып өтті.
Отырысты қорытындылай келе, Министр еліміздің сыртқы саяси ведомствосының қызметін одан әрі жетілдіру жөнінде бірқатар нақты тапсырмалар берді.
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі