Air Astana 2024 жылдың 4-ші тоқсаны мен жылдық қаржылық және операциялық нәтижелерін жариялады

2024 жылы Air Astana компаниялар тобы өз стратегиясын сәтті жүзеге асырып, табыстылықты сақтап, шығындарды бақылауда ұстады және айтарлықтай өсімге қол жеткізіп, рекордтық 9 миллион жолаушыны тасымалдады. Бұл 2023 жылмен салыстырғанда шамамен 1 миллион жолаушыға көп, әрі Топтың екі брендінде де сыйымдылықты ұлғайтуды жалғастыруы нәтижесінде жоғары сұранысты көрсетеді.

Сыйымдылықты белсенді басқару екі бренд бойынша да қарқынды өсімге ықпал етті. Бір жолғы кірістерді есептемегенде, жалпы кіріс пен өзге де түсімдер 12,4%-ға өсіп, 1 308 миллион АҚШ долларын құрады (2023 жылғы көрсеткіш – 1 164 миллион АҚШ доллары).

Директорлар кеңесі Акционерлердің жылдық жалпы жиналысына жай және арнайы дивидендтерді қоса алғанда, бір жай акцияға 53,7 теңге және (төрт акцияға тең) бір ЖДҚ-ға 214,8 теңге мөлшерінде дивидент төлеуді ұсынды. Бұл ұсыныс 2025 жылғы 31 мамырдан кешіктірмей өткізілуге жоспарланған Акционерлердің жылдық жалпы жиналысында бекітілуге ұсынылады.

«Біз ашық компания ретінде алғашқы жылымызда қарқынды өсімге қол жеткізіп, саладағы сыйымдылық пен шығындарға қатысты мәселелерге қарамастан, IPO кезінде берген уәделерімізді орындадық», – деді Air Astana компаниялар тобының Бас атқарушы директоры Питер Фостер. «Жаңа қаржы жылына қадам баса отырып, жоғары сұраныс пен ұлғайған қуаттылықтың арқасында біз екі бренд бойынша да өсуді қамтамасыз етуге дайынбыз»