Алматыда дәстүрлі «Алтын сақа — 2025» театрішілік жаңа қойылымдар фестивалі өтеді

Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында 23-27 наурыз аралығында дәстүрлі «Алтын сақа — 2025» театрішілік жаңа қойылымдар фестивалі өтеді. Аталмыш фестиваль 23-ші наурыз күні алғашқы қатысушысы «Ұлпан» қойылымымен шымылдығын түреді.

2016 жылдан бастау алған дәстүрлі театрішілік фестиваль жыл өткен сайын қанатын кеңге жайып, 2017, 2018, 2019 жылдары өз жалғасын тапты. Әлемдік пандемия салдарынан үзіліп қалған өнер додасы 2023 жылы өзгеше өзгерістермен қайта бастау алып, 2024 жылы театрда дарынымен талайды таңғалдырған таланттылар анықталды.

Биыл 7-ші мәрте ұйымдастырылып отырған ауқымды фестивальде 2024-2025 жылдары театр репертуарын толықтырған үздік қойылымдар өзара бақ сынайды. Фестивальдің ресми жабылу салтанатында жеңімпаздар анықталып, театрымыздың қалыптасуына үлес қосқан тұлғаларымыздың атындағы арнайы жүлделермен марапатталатын болады.

Фестиваль қатысушыларына тоқталар болсақ, өзара бақ сынасқан қойылымдардың кейіпкерлері елімізге белгілі ҚР халық артисі Лидия Каден, ҚР еңбек сіңірген қайраткерлері мен кино әлемінде де өзіндік беделге ие театр артистері: Гүлжамал Қазақбаева, Тынышкүл Сұлтанбердиева, Күлжәмилә Белжанова, Жомарт Зейнәбіл, Ұлан Нүсіпәлі, Мақсат Сәбитов, Толқын Нұрбекова, Аида Жантілеуова, Гүлбаһрам Байбосынова, Нариман Елубай, Бақытгүл Серікбаева.

Telegram-канал: «Алтын сақа — 2025» театрішілік жаңа қойылымдар фестивалі өтеді