Абай облысының тағы бір оқушысы ҰБТ-да Қазақстан бойынша ең жоғары ұпай жинады

Абай облысының тағы бір оқушысы Наурыз ҰБТ қорытындысында Қазақстан бойынша ең жоғары нәтиже көрсетті. 138 ұпайды Абай облысы Семей қаласындағы Б. Момышұлы атындағы №34 мектебінің 11-сынып оқушысы Әкежан Бақытжанұлы жинады.

Ол бейіндік пән ретінде информатика мен математиканы таңдап, тест нәтижесінде Қазақстан тарихынан 20, оқу сауаттылығынан 9, математикалық сауаттылықтан 10, информатикадан 50, математикадан 49 ұпай жинады.

Әкежан – «Алтын белгі» үміткері, оқу озаты және белсенді оқушы. Ол 2023 жылы ағылшын тілі пәнінен «Абай» олимпиадасының қалалық кезеңінде І дәрежелі орын иеленіп, 2022 жылы жалпы білім беретін пәндер бойынша зерттеу жобалары республикалық конкурсының облыстық кезеңінде ІІ орын алған.

Болашақта Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіне түсіп, IT саласында білім алуды жоспарлап отыр.

Еске салсақ, бұған дейін Абай облысынан  Радмир Тимурұлы Наурыз ҰБТ-да еліміз бойынша жоғары 135 балл жинаған.

Абай облысы ББ баспасөз қызметі

Telegram-канал: Абай облысының тағы бір оқушысы ҰБТ-да Қазақстан бойынша ең жоғары ұпай жинады