ҚазҰУ студенттері Тұрақты даму мақсаттарын талқылады

Қазақ Ұлттық университеті студенттері арасындағы пікірталастардың бірі-Біріккен Ұлттар Ұйымы қабылдаған тұрақты даму мақсаттарының жан-жақты талқылау болды. Талқылау барысында студенттер әлемдік және отандық деңгейдегі әлеуметтік, экономикалық және экологиялық мәселелерді шешуге бағытталған мақсаттарды терең талдап, өз ұсыныстары мен шешімдерін ортаға салды.

Тұрақты даму мақсаттары – 2030 жылға дейін әлемді әділ, тұрақты және инклюзивті қоғамға айналдыруға бағытталған стратегиялар жиынтығы. Студенттер бұл мақсаттардың әрқайсысының өзекті екенін түсініп, қазіргі заманның талаптарына сай инновациялық тәсілдер мен практикалық шешімдерді талқылауға мүмкіндік алды. Іс-шара барысында келесі мәселелер қарастырылды:

1) Әлеуметтік теңдік пен әділеттілік

2) Экономикалық даму және инклюзивті өсім

3) Экологиялық тұрақтылық және климаттың өзгеруі

4) Білім беру мен денсаулық сақтау саласындағы жетістіктер

Студенттер әлеуметтік әділеттілік, кедейшілікпен күрес және жұмыс орындарын құру тақырыптарын талқылады. Әркімнің әлеуетін толық жүзеге асыру үшін білім мен денсаулық сақтаудың маңыздылығын атап өтуге ерекше көңіл бөлінді.Экология мен табиғатты қорғау саласындағы заманауи шешімдер мен технологиялар туралы пікірталас өтті. Оқу ордамыздың студенттері экологиялық білім беруді күшейту, энергияны үнемдеу және жаңартылатын энергия көздерін пайдалану арқылы климаттың өзгеруі мәселелерін шешуге өз үлестерін қосу қажеттілігін атап өтті.Білім саласында тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету, инновацияларды енгізу және ғылыми зерттеулерді қолдау мәселелері талқыланды. Студенттер тұрақты даму мақсаттарына жету үшін жоғары білім беру сапасын арттырудың, халықаралық серіктестікті дамыту мен ғылыми жобаларды қаржыландырудың маңыздылығын атап өтті. Қоғамдық инфрақұрылымды дамыту, сандық технологиялар мен жасыл экономиканы қолдау мәселелері де іс-шараның басты тақырыптарының бірі болды. Студенттер заманауи инфрақұрылымның әлеуметтік-экономикалық дамуға тікелей әсерін түсініп, инновациялық жобалардың жүзеге асырылуын қолдады. Талқылауға қатысқан жас мамандар өздерінің көзқарастарын және шешімдерін еркін ортаға салып, тұрақты даму мақсаттарын жүзеге асырудағы рөлін айқын көрсетті. Олардың пікірінше, университеттер мен ғылыми-зерттеу институттары болашақ көшбасшыларды дайындауда және қоғамда позитивті өзгерістерді қалыптастыруда маңызды рөл атқарады.

Қара шаңырақ студенттерінің тұрақты даму мақсаттарының талқылауы – заманауи қоғамның ең өзекті мәселелеріне назар аудару мен шешімдерді іздеу жолындағы маңызды қадам болды. Бұл талқылауда жастардың әлеуметтік жауапкершілігін арттырып, инновациялық идеялар мен практикалық шешімдерді қалыптастыруға, сондай-ақ, болашақта тұрақты және теңгерімді қоғам құруға бағытталған ынтымақтастықтың үлгісі ретінде есте қалады.

А. БАХТИЯР,

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

мемлекет және құқық теориясы мен тарихы,

конституциялық және

әкімшілік құқық кафедрасының оқытушысы