«Тұран» университетінің мақтанышы: Айдана Уалханова «ТМД-ның Үздік студенті» атанды

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты бағдарламалық мақаласындағы ұлттық құндылықтарды жас ұрпақ арасында насихаттау мақсатында 21 желтоқсан 2024 жылы өткен «ТМД ҮЗДІК СТУДЕНТІ» атты республикалық байқауында «Тұран» университеті Құқық жоғары мектебінің 3-курс студенті, Уалханова Айдана Серікқалиқызы белсенділік танытты.
Байқау BILIM-ÒRKENIETI және «ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ (Қазақстан, Астана) тарапынан ұйымдастырылып, «Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының үздік студенті» анықтау үшін өткізілді. Байқау аясында ТМД елдерінен үздік деп танылған 100 студенттің арасында Айдана Уалханова ерекше көзге түсті.
Білім мен ізденісті өмірлік ұстанымына айналдырған «Тұран» университетінің студенті А. Уалханова халықаралық деңгейде мойындалып, «ТМД үздік студенті» байқауының жеңімпазы атанды. Айдана бұл байқауда ерекше жетістікке қол жеткізіп, «ТМД үздік студенті» төсбелгісімен, төсбелгі куәлігімен, республикалық І дәрежелі дипломмен және арнайы статуэткамен марапатталды.
«Тұран» университеті Құқық жоғары мектебінің 3 курс топ жетекшісі, сениор-лекторы А.С. Тулебаева өзінің тәлімгерлік сағатында Айдананың жетістігін атап өтіп, оның мақтанышы екенін білдірді. Ол сөзінде: «Тұран» университетінде білім алып жүрген әрбір студенттің басты мақсаты – өз елін әлемге таныту. Айдананың жетістігі – университетіміздің абыройын арттырып, болашақта алға қойған мақсаттарына жетуге деген күш-жігерін көрсетеді». Айдананың жетістігі жастарға сапалы білім алудың, мақсат қоя білудің және еңбектенудің маңызын көрсетеді. Бұл марапат Қазақстанның білім беру саласының әлеуетін халықаралық деңгейде дәлелдейді. А. Уалханова Тұран университеті студенттерінің сапалы, заманауи білім арқылы ел атын әлемге танытуға ұмтылатынының жарқын үлгісі. Бұл табыс БҰҰ-ның тұрақты даму мақсаттарының бірі – «Инклюзивті және сапалы білім беруді қамтамасыз ету» бағытына нақты үлес болып табылады.
Айдана Серікқалиқызының бұл жетістігі – тек оның ғана емес, барша «Тұран» университетінің және еліміздің жас буынының мақтанышы. Ол өз еңбекқорлығы, талпынысы мен білімге деген құштарлығымен жас ұрпаққа үлгі боларлықтай. Бұл марапаттың артында көп еңбек, табандылық және мақсатқа деген берік сенім жатыр. Жастардың білімге деген құштарлығы мен еліміздің интеллектуалды әлеуетінің көрінісі. Мұндай табыстар Қазақстанның дамуына, ғылым мен білімнің өркендеуіне серпін береді.
Айдана секілді жастардың табыстары еліміздегі білім сапасының артып, жас азаматтардың әлеуетін іске асырудың айқын дәлелі болып табылады. Сондықтан да әрбір студент, өз саласында жақсы нәтижелерге қол жеткізу үшін еңбек етуі, білімін жетілдіруі және өз мүмкіндіктерін кеңейтудің маңыздылығын түсінуі қажет.
Тұрандық студенттер әрдайым өз білімдерімен, жетістіктерімен ел абыройын көтеріп келеді. А. Уалханованың жеңісі бұл үлкен жеңістің бастауы ғана, әрі қарай да еліміздің жас таланттары осындай жоғары нәтижелерге қол жеткізуге ұмтылып, үлкен жетістіктерге жетеді деген сеніміміз мол.
А.С. ТУЛЕБАЕВА,
«Тұран» университетінің Құқық
жоғары мектебінің сениор-лекторы