Қытайдың сыртқы саудасы 2025 жылдың бірінші тоқсанында 5%-ға өсті

2025 жылдың қаңтар-наурыз айларында Қытайдың сыртқы сауда көлемі 10,17 триллион юаньға (шамамен $1,41 трлн) жетіп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5%-ға артты. Бұл көрсеткіш алты тоқсан ішіндегі ең жоғары өсім.

🔹 Экспорт көлемі 5,74 трлн юаньға жетіп, 4,9%-ға өсті
🔹 Импорт көлемі 4,43 трлн юаньды құрап, 5%-ға артты
🔹«Бір белдеу, бір жол» бастамасына қатысушы елдермен сауда 5,5%-ға өсіп, 4,82 трлн юаньға жетті. Бұл Қытайдың жалпы сыртқы саудасының 47,4%-ын құрайды

Генералдық кеден басқармасы төрағасының орынбасары Ван Линцзюньнің айтуынша, бұл — Қытайдың сыртқы сауда көлемі бірінші тоқсанда алғаш рет 10 трлн юаньнан асқан жағдай .

 Бұл деректер Қытайдың жаһандық саудадағы тұрақты өсімі мен әртараптандырылған серіктестік байланыстарының нәтижесін көрсетеді.

Қытай АҚШ-тан импортталатын барлық тауарларға қосымша тарифтер енгізеді