«Тең-теңімен»: сенімді, қымсынбау

Жастар үшін репродуктивтік денсаулық бойынша ақпарат берудің танымал тәсілдерінің бірі – тренингтің жас қатысушыларымен ерекше тақырыптарда олардың құрдастары – тренерлер айтқан кездегі, олар білім көзі болып сөйлегендегі «тең – теңімен» әдісі. Бұл жағдайда қатысушылардың сенім білдіруі маңызды. Мұндай тәсіл Алматы мен Астанадағы “Шеврон” компаниясымен серіктестікте «Қазақстандық жыныстық және репродуктивтік денсаулық қауымдастығы (КМПА)» жүзеге асыратын «Болашақты бірге жоспарлаймыз» жобасында ойдағыдай қолданылады.
Жақында «тең – теңімен» әдісі Алматы технологиялық университетінде өткен тренингте сәтті жүзеге асырылды. Мұнда студенттермен жан-жақты жыныстық білім беру тақырыбы талқыланды.
*Жастар бүгінде көптеген сын-тегеуріндерге тап болады. Олардың ішінде – дұрыс ақпараттың жетіспеушілігі, әлеуметтік желілердің теріс әсер етуі, жыныстық өмірдің ерте басталуы, жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың (ЖЖБИ), соның ішінде АИТВ пайда болуының қаупі, жоспарланбаған жүктілік. Ақпараттандыру деңгейінің төмен болуы ауыр зардаптарға – физикалық денсаулыққа және психоэмоционалды жағдайға әкелуі мүмкін, – дейді жоба үйлестірушісі Ирина Юзкаева.
Тренингте студенттер сексуалдық және репродуктивтік құқықтармен, гендерлік сәйкестілікпен және нормалармен танысты. Ерлер мен әйелдердің репродуктивтік жүйелерінің құрылымы мен жас ерекшеліктері туралы тақырыпта сенімді диалог өтті. ЖЖБИ белгілері, АИТВ мен ЖИТС арасындағы айырмашылық, контрацепция әдістері – осы тақырыптар туралы еш қымсынбастан айтылды, өйткені бұл – репродуктивтік денсаулықты сақтаудың өзекті аспектісі. Оны сақтауда медициналық қызметтерге қолжетімділік, отбасы мен білім беру мекемелерін қолдау маңызды рөл атқарады. Жас кезінде осындай мәселеге ерекше назар аударған өте маңызды, өйткені дәл осы кезеңде ата-ана ретінде адамның болашағына әсер ететін көзқарастар, әдеттер мен білім қалыптасады.
– Жастар контрацепция әдістері, аурулардың алдын алу және жыныс жүйесінің денсаулығын сақтау туралы дұрыс ақпарат алуы тиіс. Өз денсаулығына және болашақта ата-ана болуға жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру өте өзекті, – деп атап өтті тренер, КМПА жастар бағдарламаларының үйлестірушісі Евгений Власов.
«Болашақты бірге жоспарлаймыз» жобасы аясында тренингтер Алматы және Астана студенттері үшін жалғасын табуда.