Air Astana Атырау мен Баку арасында тікелей рейстерді орындайды

2025 жылдың 31 мамырынан бастап Air Astana Атырау-Баку бағытында тікелей тұрақты рейстерді іске қосады. Ұшулар апта сайын үш рет Airbus A320/A321 әуе кемелерімен орындалады. Ұшу уақыты Атыраудан Бакуға 1 сағат 25 минут, ал кері бағытта 1 сағат 35 минутты құрайды.

KC277 рейсі Атыраудан дүйсенбі және сенбі күндері 18:30-да ұшып шығып, Баку қаласына 18:55-те келіп қонады, ал сәрсенбі күндері 21:35-те ұшып шығып, 22:00-де жетеді. Бакудан Атырауға кері рейс KC278 дүйсенбі және сенбі күндері 19:55-те ұшып шығып, 22:30-да қонып, ал сәрсенбі күндері 23:00-де ұшып шығып, келесі күні 01:35-те жетеді. Жергілікті уақыт көрсетілген.

Билеттерді airastana.com ресми сайтынан, Air Astana мобильді қосымшасы арқылы, сондай-ақ аккредиттелген онлайн және офлайн туристік агенттіктер арқылы алуға болады. Барлық салықтар мен алымдарды қосқанда, екі жаққа билет бағасы эконом-класста 96 527 теңгеден, бизнес-класста 278 681 теңгеден басталады.

Air Astana-ның Атыраудан Баку қаласына жаңа бағыт жиілігі жаз маусымында дәстүрлі түрде аптасына үш ретке арттырылатын Алматы-Баку рейстерін толықтырып, Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы саяхаттар мен іскерлік сапарлар үшін қосымша мүмкіндіктер ашады. Қазақстан азаматтары Әзербайжанда 30 күнге дейін визасыз саяхаттай алатынын еске саламыз.