Рас-әл-Хаймада алғаш рет Rove Hotels желісі таныстырылды

Rove Hotels желісі Rove Al Marjan Island атты жаңа қонақүйінің ашылғанын қуанышпен хабарлайды. Қонақүй Рас-әл-Хайманың көркем Марджан аралында, Дубайдан небәрі бір сағаттық жерде орналасқан. Ақ құмды жағажайы мен жоғары деңгейдегі мейрамханалары бар бұл орын тыныш демалысқа да, отбасылық саяхатқа да мінсіз үйлеседі. Сонымен қатар, қонақүй жақын маңда 2027 жылы ашылатын БАӘ-дегі алғашқы интеграцияланған ойын-сауық курортына жақын орналасқан.

Marjan компаниясының жобасы аясында жүзеге асқан бұл қонақүйде аралға немесе теңізге қарайтын 441 заманауи және стильді нөмір ұсынылады. Оның ішінде 30%-ы біріктірілген нөмірлер, бұл балалармен саяхаттайтын отбасылар үшін өте қолайлы.

Қонақүйдің ішкі көрінісі мен дизайны жергілікті мәдениеттен шабыт алған. Сонымен қатар, нысан Рас-әл-Хайма әмірлігінің «Barjeel» деп аталатын жасыл құрылыс стандарттарына сәйкес салынған. Rove Hotels қоршаған ортаны қорғау мақсатында бір реттік пластиктен бас тартып, бөлмелерде және мейрамханаларда көп мәрте пайдаланылатын су бөтелкелерін ұсынады. Сондай-ақ, органикалық қалдықтарды қайта өңдеудің озық әдістерін қолданады.

Қонақтарды ашық аспан астындағы кинотеатр, диджейлер ұйымдастыратын би кештері, балаларға арналған ойын алаңдары және су ойыны аймағы күтеді. Спортты ұнататындар үшін тәулік бойы жұмыс істейтін заманауи фитнес-зал бар. Ал The Daily мейрамханасы мен жағажайдағы барлар түрлі тағамдар мен сусындармен қуантады.

Rove Hotels атқарушы директоры Пол Бриджер:

«Rove Al Marjan Island – біздің Рас-әл-Хаймадағы алғашқы жобамыз. Бұл қонақүй әмірліктің мәдени байлығы мен шытырман оқиғалар рухын тамаша жеткізеді. Біз жергілікті тұрғындар мен халықаралық қонақтарды осы ерекше атмосферада қарсы алуға асығамыз»

Marjan компаниясының бас директоры Абдулла Аль Абдули:

«Rove қонақүйінің ашылуы – біздің Al Marjan Island жобамыздың маңызды бөлігі. Бұл орын әмірліктің табиғи көркемдігі мен мәдени мұрасын таныстыратын ғажайып туристік бағытқа айналады»

Иад Расбей: «Рас-эль-Хайма Қазақстандық туристер үшін жаңа мүмкіндіктерді ашады»

2024 жылы Рас-әл-Хайма 1,28 миллион турист қабылдап, рекорд орнатты. Тарихы қола дәуірінен басталатын бұл табиғи әмірлік таулар, шөл және теңіз сияқты әртүрлі ландшафттарымен ерекшеленеді. Қонақтар Suwaidi Pearls фермасына баруға, Al Jazeera Al Hamra тарихи ауылын аралауға, Dhayah бекінісін көруге немесе БАӘ-дегі ең биік нүкте – Jebel Jais тауына көтерілуге мүмкіндік алады.

Rove — жүлдеге ие болған, заманауи және ыңғайлы қонақүйлер желісі. 2016 жылы Дубай орталығында алғашқы қонақүйін ашқан бренд бүгінде 6000-нан астам бөлмесі бар жобаларды іске асыруда.

Marjan — Рас-әл-Хаймадағы басты девелопер компаниясы. Al Marjan Island жобасы арқылы әмірлікті жетекші туристік және инвестициялық бағытқа айналдыруда. Компанияның мақсаты – табиғи ресурстарды тиімді пайдалану арқылы жаһандық деңгейдегі демалыс орындарын дамыту.

Telegram-канал: Рас-әл-Хаймада алғаш рет Rove Hotels желісі таныстырылды