Аягөздік оқушының ЖИ жобасы халықаралық байқауда үздік атанды

Алматы қаласында Satbayev University-де «Kazakhstan Smart Space–2025» халықаралық байқауы өтті. Абай облысы Аягөз ауданы А. Көшкімбаева атындағы мектептің 2-сынып оқушысы Жанерке Қайнарқызы жүлделі 1 орынды иеленді.
Жанерке «Ғарыш құпиялары» тақырыбында жасанды интеллект (ЖИ) технологиясына негізделген жобасын ұсынды. Ол өз жұмысында ЖИ арқылы ғарыштағы ғаламшарлар мен жұлдыздардың қозғалысын болжау, олардың температурасы мен орналасуын есептеу мүмкіндіктерін көрсетті.
Жоба барысында Жанерке Python тілінде қарапайым бағдарлама құрастырып, ЖИ көмегімен нақты ғарыш нысандары туралы деректерді өңдеу және визуализация жасау жолдарын таныстырды. Ол NASA-ның ашық мәліметтерін пайдаланып, жасанды интеллектке ғарыштық мәліметтерді “үйретіп”, соның негізінде белгілі бір уақытта жұлдыздардың орналасуын болжауды мақсат еткен.
16 жасқа дейінгі санатта осы мектептің оқушысы Жақсылық Қайнарұлы «Марстағы температураны анықтайтын жасанды интеллект» жобасы үшін Алғыс хатпен марапатталды.
Абай облысы ББ баспасөз қызметі
Telegram-канал: Аягөздік оқушының ЖИ жобасы халықаралық байқауда үздік атанды