AirAsia X: Алматы мен Куала-Лумпур арасындағы достық көпірі нығая түсті

Әуе көлігі тек қалаларды ғана емес, халықтарды да байланыстырады. Осы орайда AirAsia X компаниясының Алматы мен Куала-Лумпур арасындағы тікелей рейстер санын көбейту туралы шешімі екі ел арасындағы қарым-қатынасты жаңа деңгейге көтеруде.
Бір жылдық жетістік: алғашқы нәтижелер
Өткен жылы ашылған Алматы – Куала-Лумпур бағыты өзінің қажеттілігін толық дәлелдеді. Бір жыл ішінде бұл рейс арқылы 100 мыңнан астам жолаушы тасымалданды. Бұл көрсеткіш AirAsia X үшін де, Қазақстан мен Малайзия арасындағы байланыс үшін де үлкен жетістік саналады.
AirAsia X Алматы – Куала-Лумпур бағыты арқылы Орта Азияға жол ашады
Малайзияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Мохд Адли Абдулла салтанатты іс-шарада сөз сөйлеп, әуе бағытының маңыздылығын ерекше атап өтті:
“Бұл әуе бағыты екі ел арасындағы серіктестік пен достықты нығайтуға үлкен үлес қосуда. Біз Қазақстан мен Малайзия халықтары арасындағы мәдени, экономикалық және туристік байланыстарды одан әрі дамытуға ниеттіміз. Бұл рейс өзара түсіністік пен ынтымақтастықтың нақты дәлелі болып табылады,” – деді ол.
Расымен де, әуе қатынасының арқасында екі ел арасындағы саяси, экономикалық және мәдени байланыстар жаңа серпін алуда.
AirAsia X стратегиясы: болашаққа ұмтылыс
AirAsia X бас директоры Бенджамин Исмаил Алматы бағытының табыстылығын айта келе, оның тек қазақстандық нарық үшін ғана емес, бүкіл Орталық Азия аймағы үшін маңызды екенін атап өтті:
“Алматы – мәдени және тарихи орталық ретінде халықаралық туризм картасындағы орнын нығайтып келеді. Бір жыл ішінде біз бұл бағытта 100 мыңнан астам жолаушыны тасымалдадық. Бұл бағыттың стратегиялық маңыздылығын көрсетеді. Сонымен қатар, Куала-Лумпур хабы арқылы жолаушылар Бали, Бангкок, Вьетнам сияқты 130-дан астам бағытқа қол жеткізе алады,” – деді ол.
Бенджамин Исмаилдың айтуынша, Куала-Лумпурдан ұшатын рейстер арқылы саяхатшылар Малайзияның ғана емес, бүкіл Оңтүстік-Шығыс Азияның ең тартымды туристік бағыттарына оңай бара алады. Бұл өз кезегінде Қазақстанның халықаралық көлік желісіндегі рөлін күшейтеді.
AirAsia X әуе компаниясы Оңтүстік-Шығыс Азия туристеріне Қазақстан бағытындағы саяхатты танымал ете түсті
Turizm индустриясы: жаңа мүмкіндіктер
Kazakh Tourism ұлттық компаниясының басқарушы директоры Шырын Мусина Қазақстанның туризм саласындағы әлеуеті туралы пікірін білдірді:
“Малайзиямен тікелей әуе қатынасының кеңеюі Қазақстанның халықаралық деңгейде танымалдығын арттырады. Бұл бағыт Орталық Азия мен Оңтүстік-Шығыс Азия арасындағы туризмді дамыту үшін үлкен мүмкіндік,” – деп атап өтті.
Шырын Мусина бұл рейстің бизнес-байланыстарды кеңейтіп қана қоймай, білім беру, мәдениет және спорт салаларындағы алмасуды да жандандыратынын айтты.
Қазақстан мен Малайзия арасындағы туристік әлеует арттып келеді
Стратегиялық серіктестік: тек қадам емес, үлкен серпіліс
Алматы мен Куала-Лумпур арасындағы әуе байланысы тек коммерциялық жоба емес. Бұл – Қазақстан мен Малайзия арасындағы өзара сенімнің, құрмет пен серіктестіктің нәтижесі.
AirAsia X компаниясы болашақта бұл бағыттағы рейстердің санын одан әрі арттыруды, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына да рейстер ашуды жоспарлап отыр. Мұндай қадам екі ел арасындағы қарым-қатынасты одан әрі нығайтып, аймақтық ынтымақтастықтың жаңа көкжиегін ашады.
Алматы – Куала-Лумпур бағытының ашылғанына бір жыл толуына орай, AirAsia X компаниясы осы уақыт аралығында екі өңір арасындағы әуе қатынасының қарқынды дамығаның айқын көрінісі. Жоғары сұранысқа байланысты рейстер саны аптасына бес ретке дейін ұлғайтылып, келесі тоқсанда 77 000 жолаушы орны қамтамасыз етіледі. Алматы мен Куала-Лумпур арасында тікелей рейс орындайтын жалғыз әуе компаниясы ретінде AAX екі ел арасындағы туризм мен сауданы дамытуда маңызды рөл атқарып отыр. Жаңа Меморандум аясында Алматы Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінен келетін туристер үшін басты бағыттардың біріне айналмақ. AirAsia X басшылығының айтуынша, өткен жылдан бері 100 мыңнан астам жолаушы тасымалданып, бағыттың болашағы зор екенін көрсетті.
Алматы мен Куала-Лумпур арасындағы тікелей әуе қатынасының дамуы – қазіргі жаһандану дәуірінде мәдениет пен экономиканың тоғысуының жарқын мысалы. Бұл рейстер арқылы Қазақстан мен Малайзия халықтары тек туристік бағытта ғана емес, білім, ғылым, бизнес және мәдениет салаларында да тығыз байланыс орнатады.
Қазақстан халықаралық әуе қатынастарында өзіндік орнын айқын қалыптастырып келеді. Ал AirAsia X-пен серіктестік осы бағыттағы маңызды әрі нәтижелі қадам.
Ғазиза Ұзақ
Telegram-канал: AirAsia X: Алматы мен Куала-Лумпур арасындағы достық көпірі нығая түсті