Абай облысының ардагер ұстазы «Еңбек ардагері» медалімен марапатталды

Отан қорғаушы күніне орай Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәні мұғалімдерін кәсіби шеберлігі мен өскелең ұрпаққа патриоттық тәрбие берудегі еңбегі үшін марапаттады.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты

Салтанатты жиында Абай облысы, Абай ауданы Қарауыл гимназиясының ардагер ұстазы Неспбаев Абзалхан Елемесұлы «Еңбек ардагері» медалімен марапатталды.

 Абзалхан Елемесұлы – алғашқы әскери дайындық пәнінен 37 жыл сабақ берген, 41 жылдық еңбек өтілі бар жоғары санатты педагог, запастағы аға лейтенант. Көптеген әскери-патриоттық сайыстарда шәкірттерін жеңіске жеткізген тәжірибелі ұстаз. Ардагер ұстаз – аудан, облыс көлемінде ғана емес, республика деңгейінде де танылған педагог.

Жиын соңында министр ұстаздарға адал еңбегі үшін алғыс білдіріп, педагог мәртебесін көтеру мен қолдаудың министрлік жұмысының негізгі бағыттарының бірі екенін атап өтті.

 Абай облысының Білім басқармасының баспасөз қызметі

Telegram-канал: Абай облысының ардагер ұстазы «Еңбек ардагері» медалімен марапатталды