Сіздің үй жануарыңызға арналған цифрлық паспорт – енді eGov Mobile қосымшасында

Енді үй жануарларының цифрлық паспорттары eGov Mobile қосымшасында қолжетімді! Мысық, ит және басқа да үй жануарларының иелері олардың мәліметтерін eGov Mobile мобилді қосымшасының «Цифрлық құжаттар» бөлімінен қарай алады.

Барлық мәліметтер TABAN – үй жануарларын есепке алу Бірыңғай деректер базасынан жүктеледі. Бұл жүйеде тіркелген барлық жануарлар және оларға қатысты маңызды оқиғалар жазылып отырады.  

Цифрлық паспортта мына мәліметтер қамтылады: жануардың жеке нөмірі, құжат нөмірі, аты, түсі, тұқымы, туған күні, ерекше белгілері, жануардың түрі мен жынысы, тіркелген мекенжайы, нақты тұратын мекенжайы, иесінің толық аты-жөні мен ЖСН, сондай-ақ чиптеу, стерилизация және вакцинация туралы ақпарат – даталары мен мәртебелері көрсетілген.

Қызметті пайдалану үшін:

  • eGov Mobile қосымшасына авторизациядан өтіп;
  • «Цифрлық құжаттар» сервисіне кіру қажет;
  • «Басқа құжаттар» бөлімінде Жануар паспортымен танысу керек;
  • егер құжат көрінбесе, «Құжаттарды жаңарту» батырмасын басу қажет.

Цифрлық төлқұжат ветеринарлық клиникаға барғанда, саяхатқа шығарда, көрмелерге қатысқанда немесе жануар жоғалған жағдайда оның деректерін жедел ұсынуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, бұл қызмет үй жануарларын жүйелі түрде есепке алуға, қаңғыбас жануарлар санын азайтуға және иелерінің жауапкершілігін арттыруға септігін тигізеді.

2025 жылғы наурыз айындағы жағдай бойынша жүйеде 224 мыңнан астам үй жануары тіркелген, оның ішінде 20 мыңнан астамы – үйсіз жануарлар.

Жаңа сервис ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитетінің, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ және ҚР Қоршаған экология және табиғи ресурстар министрлігінің тапсырысы бойынша «Ақпараттық-есептік орталық» АҚ бірлесіп жүзеге асырды.

«ҰАТ» АҚ Корпоративтік коммуникациялар департаменті

Telegram-канал: Сіздің үй жануарыңызға арналған цифрлық паспорт – енді eGov Mobile қосымшасында