Үкіметте тауарлық газ өндірісін ұлғайту мәселелері талқыланды
Үкіметте Премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен кеңесте газ саласын дамытудың өзекті мәселелері талқыланды, деп хабарлайды BAQ.KZ primeminister.kz-ке сілтеме жасап.
Энергетика министрлігінің, «Самұрық-Қазына», «ҚазМұнайГаз» және «QazaqGaz» ұлттық компаниялары басшыларының қатысуымен жаңа кен орындарын барлау және игеру, қайта өңдеу және газ химиясы салаларындағы жобаларды іске асыру жөніндегі жоспарлар, сондай-ақ жалпы, газ саласын дамытуды ынталандыру жөніндегі шаралар талқыланды.
Бұдан басқа, жұмыс істеп тұрған кен орындарының ағымдағы өндірістік балансы және перспективті учаскелердің әлеуетті қуаты қаралды.
Кеңес қорытындысы бойынша Премьер-Министр бірқатар нақты тапсырма берді.
Дереккөз: BAQ.KZ