TikTok-тағы бизнес: қалай контентті монетизациялауға және ақша табуға болады?

Бұл мақалада TikTok платформасында контент жасау арқылы табыс табудың заманауи жолдары қарастырылады. TikTok алгоритмінің ерекшеліктері, аудиториямен байланыс, жарнама серіктестігі және цифрлық өнімдерді сату жолдарын жүйелі түрде талдаймын. Сонымен қатар, мақалада қазақстандық контент жасаушылардың нақты мысалдары келтіріліп, олардың табыс табу тәжірибесі сараланады. TikTok – жаңа буын үшін цифрлық кәсіпкерліктің қолжетімді құралы екені айқын дәлелденеді.

Сандық дәуірде әлеуметтік желілер тек ақпарат тарату құралы ғана емес, жаңа кәсіптің, табыс көзінің бастауы болып отыр. Соның ішінде TikTok — қысқа видеоларға негізделген, қолданушының қызығушылығына қарай контент тарататын платформа ретінде кең таралған. Бүгінде TikTok-та миллиондаған қолданушы контент жасап қана қоймай, сол арқылы нақты қаржы табуда. Бұл мақалада TikTok-та контентті қалай дұрыс монетизациялауға болатыны, қандай әдістер арқылы табыс табуға жол ашылатыны сарапталады. Қазіргі жастар үшін бұл тек тренд емес, саналы таңдау мен кәсіпкерлікке бастар баспалдақ [1,45б].

Негізгі бөлім

Тірексызба: TikTok-та контент арқылы ақша табудың негізгі жолдары

TIKTOK-ТАҒЫ МОНИТЕЗАЦИЯ

┌─────────────────────────┼─────────────────────────┐

│                         │                         │

Алгоритммен жұмыс         Аудитория құру         TikTok функциялары

(видео түрі, сапа)         (жазылушы, сенім)         (LIVE, Creator Fund)

│                         │                         │

└─────┬──────────────┬────┘                         │

│              │                              │

Жарнама және             │                         Виртуалды сыйлықтар

серіктестік              │                         (ақшаға айналады)

(брендтермен келісім)    │

Цифрлық өнімдер сату

(курс, кеңес, электронды кітап)

  1. TikTok алгоритмін түсіну – табыстың кілті

    TikTok алгоритмі — қолданушының қызығушылығы мен әрекетіне бейімделетін ерекше жүйе. Яғни, көрермен бейнені қаншалықты ұзақ қарайды, пікір қалдыра ма, бөлісе ме — осы әрекеттер видеоның басқа көрермендерге ұсынылуына әсер етеді. Сондықтан авторлар қысқа, тартымды, әрі пайдалы контент жасауға тырысуы қажет. Видеоның алғашқы 3 секунды — көрерменді ұстап қалатын басты сәт [2,19б]. Егер бұл бөлік қызықсыз болса, аудитория тез әрі қарай жылжиды.

  1. Аудитория жинау және сенім қалыптастыру

     Монетизацияның бастау нүктесі — тұрақты және белсенді аудитория. Көрермен саны көп, бірақ сенімсіз болса, жарнама берушілер сізге жүгінбейді. Сондықтан автор өз стилін қалыптастырып, тұрақты байланыс орнатуы тиіс. Жазылушылармен пікір алмасу, тікелей эфир өткізу, шынайылық — аудиторияның сенімін арттырады. Бұл – ұзақмерзімді табыстың кепілі [3,29б].

  1. TikTok Creator Fund және LIVE арқылы табыс табу

     TikTok кей елдерде Creator Fund арқылы видео көрілім санына байланысты авторға ақы төлейді. Қазақстанда бұл қор ресми іске қосылмағанымен, LIVE эфирлер кезінде көрермендер жіберетін виртуалды сыйлықтар — нақты ақшаға айналады. TikTok монеталарын жинап, оны нақты теңгеге айырбастау арқылы блогерлер айына жүздеген мың табыс табуда. LIVE жүргізу – аудиториямен интерактивті байланыс орнатудың әрі табыс табудың тиімді жолы [4,52б].

  1. Жарнама және серіктестік

   TikTok-тағы табыстың негізгі бөлігі — жарнамалық серіктестіктер. Брендтер танымал контент жасаушыларға өз өнімін жарнамалауды ұсынады. Бұл үшін авторлар келісімшартпен жұмыс істейді. Қазақстанда косметика, киім, тағам саласындағы отандық және шетелдік брендтер TikTok инфлюенсерлерімен белсенді жұмыс істеуде. Орта есеппен бір жарнамалық видеоға 50 000–500 000 теңге аралығында ақы төленеді [5,33б].

  1. Цифрлық өнімдер мен жеке бренд

Контент жасаушылар өз тәжірибесін цифрлық өнімге айналдыра алады. Мысалы, TikTok-қа арналған видео-монтаж курстары, блогинг туралы вебинарлар, жеке консультациялар — бәрі сатуға қолайлы. Бұл әдіс тек тікелей табыс әкеліп қоймай, автордың жеке бренді мен құндылығын арттырады. Жеке бренд – болашақта ірі жобаларға, телешоуларға, серіктестікке жол ашатын басты капитал [2,25б].

Бүгінгі таңда, жарқын мысал бола алатын тұлғалардың Айберген Бади – қазақстандық YouTube және TikTok инфлюенсері, сөз шебері және цифрлық маркетинг саласындағы оқушы. Францияда UIB университетінде «Диджитал маркетинг» мамандығы бойынша 6 айлық білім алып жатқан, өзі де бұл оқу үшін жылдық шамамен 1 200 000 теңге төлемегенін атап өткен  . Әлеуметтік желілерде ол мотивациялық контент, ақшаны басқару бойынша кеңестер, өмірлік тәжірибе кейіптерін жариялап, танымалдық жинады . Айбергеннің нақты табысы туралы ресми дерек жоқ, алайда оның аудиториясы мен мазмұнына негізделе отырып, жарнамалық келісімдер, спонсорлық жобалар, LIVE эфирлер және оқу курстары арқылы айына жүздеген мың теңге, тіпті одан да көп табыс табатыны болжанады. Оның цифрлық маркетинг және онлайн білім саласындағы белсенділігі әрі көрерменге ұсынатын мәнді контенті – кәсіптік табыстың негізі болып табылады.

TikTok-та ақша табу — бір ғана бағытпен емес, бірнеше тетікті бір-бірімен ұштастырып жүргізу арқылы жүзеге асады. Бұл платформаны тиімді пайдалану үшін тек шығармашылық емес, сонымен қатар маркетингтік және стратегиялық ойлау қабілеті қажет.

 Қорытынды

   Қорытындылай келе, қарыштап дамып келе жатқан заманда, TikTok – қазіргі жастар үшін тек көңіл көтеру құралы ғана емес, нағыз табыс көзі. Дұрыс стратегия, сапалы контент және аудиториямен белсенді байланыс арқылы бұл платформадан елеулі пайда табуға болады. Ең бастысы — контент шынайы әрі пайдалы болуы қажет. TikTok-та табыс табу — өнер мен кәсіптің тоғысқан тұсы. Басты қағида — өз аудиторияңды түсіну және оған құнды дүние ұсыну. Сонда ғана TikTok — жай желі емес, табысты мансаптың бастауы бола алады [1,66б].

Смағұл Нұрай

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1.Қалиев Н. Цифрлық кәсіпкерлік негіздері. — Алматы: Мерей, 2022. — 112 б.
2.Jenkins H. TikTok: How to Go Viral and Build a Career. — New York: Digital Minds, 2020. — 156 p.
3.Әбдіқалық А. «TikTok – жастардың табыс алаңы», Білім және ғылым, №4, 2023. — Б. 28–32.
4.Schwartz S. Monetizing Short-Form Video. — London: Creators Media, 2021. — 134 p.
5.Toktarova А. «Influencer маркетингтің тиімді жолдары», Кәсіпкер.kz, №9, 2022. — Б. 14–17.