HONOR 400: Ақылды, қуатты және күнделікті өмірге арналған сенімді серіктес

Егер орта сегменттегі смартфон флагман мүмкіндіктерімен жабдықталса, не болмақ?

Біз HONOR 400-ді бір апта бойы қолданып көрдік. Нәтиже — шынайы таңданыс. Бұл құрылғы стиль мен өнімділікті, ақыл мен практикалықты шебер үйлестірген.

HONOR 400-дің алғашқы ұсталған сәтінен-ақ сапасы сезіледі. 184 грамм, 7,3 мм — өте жеңіл және жұқа. Корпусы саусақ ізіне төзімді — әрдайым таза әрі ұқыпты көрінеді. Бір қуантатыны жаңа смартфон — қолжетімді сегменттегі құрылғы.

Мобильді фотосуреттегі революция: HONOR Қазақстанда AI смартфондарының HONOR 400 сериясын ұсынады

Камера — HONOR 400-дің шынайы жұлдызы. 200 мегапиксель сенсорымен түсірілген кадрлар анық әрі шынайы. AI Super Zoom арқылы 30 есе үлкейткеннің өзінде де сурет «бұлыңғыр» болмайды. Біз Астанадағы «Бақбақ» мүсінін осы функциямен түсірдік — әрбір сызығы мен элементі көрініп тұрды.

Портреттік режимде ұлым адамдардың келе жатқанын түсіріп үлгердім — қозғалыста болса да кадр анық, фоны жұмсақぼлурланған.

Редакция — оңай әрі қызықты. Себебі, HONOR 400 фотосуреттерді өңдеуді жаңа деңгейге шығарады. Себебі, жасанды интеллект — шынайы көмекші екен.

  • AI Eraser — фотодағы қажетсіз адамдарды өшіріп тастайды.

  • AI Cutout — объектіні бөліп алып, басқа фонға орналастыруға болады.

  • AI кеңейту — кесіліп қалған кадрды автоматты түрде толықтырады.

  • Фото-видеоға айналдыру — бір түйме арқылы суреттен анимациялық бейне жасауға болады.

  • AI Face Tune — жабылып қалған көздерді «ашып», кадрды табиғи етеді.

Ыстамбұлда осы жаздың жаңа өнімі HONOR 400 смартфонының жаһандық тұсаукесері өтті

HONOR 400 — 6000 мАч батареямен жабдықталған. Күнделікті қолдануда — 1,5–2 күнге дейін қуаттауды қажет етпейді. Біз камера, YouTube, Telegram, навигация, Bluetooth секілді мүмкіндіктерді белсенді пайдалансақ та, кешке дейін қуат жеткілікті болды.

Snapdragon 7 Gen 3 және 12 ГБ оперативтік жады — жұмысты жылдам әрі іркіліссіз етеді. 512 ГБ жады — файлдар мен қосымшалар үшін жеткілікті. Қолдану кезінде бірде-бір «тежелу» болмады — бәрі тез, жауапты және тұрақты жұмыс істейді.

Экран: Жоғары сапа мен көзге қамқорлық

6,55 дюйм OLED дисплей, 120 Гц жаңарту жылдамдығы және 5000 нитке дейін жарықтық — күн көзінде де экран анық көрінеді. Кітап оқығанда, күнделікті қолданыс кезіндже  бәрі көздің жайлылығы үшін ойластырылған.

Қорытындылай келсек, HONOR 400 — жай ғана телефон емес, күнделікті өмірдің ақылды көмекшісі. Ол:

  • Кәсіби деңгейдегі фото түсіреді;

  • Жылдам жұмыс істейді

  • Ұзақ уақыт қуат ұстайды

  • AI арқылы күнделікті істерді жеңілдетеді.

Егер сізге әдемі, сенімді және шынайы ақылды смартфон қажет болса — HONOR 400 сіз үшін мінсіз таңдау.