«Денсаулық сақтау саласындағы дезинфекция, дезинсекция, дератизация жөніндегі қызметтерді көрсетуге лицензияны беру» мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

Лицензияны беру қызметті ҚР ДСМ санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің аумақтық бөлімшілері «электрондық үкімет» веб-порталы www.egov.kz, www.elicense.kz арқылы жүзеге асырылады. Лицензия беру мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі – 15 (он бес) жұмыс күні; лицензияны қайта ресімдеу – 3 (үш) жұмыс күні.
«Лицензияланатын қызмет түріне қойылатын біліктілік талаптары Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушысының 2022 жылғы 23 қыркүйектегі № ҚР ДСМ-101 бұйрығында көрсетілген: штатта санитариялық-эпидемиологиялық бейіндегі жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар санитариялық-эпидемиологиялық қызмет дәрігерлері немесе мамандары, «Гигиенажәнеэпидемиология»мамандығы бойынша немесетехникалықжәнекәсіптік медициналықбілімі бар, дезинфектор-нұсқаушысыныңденсаулық сақтау саласында дезинфекция, дезинсекция, дератизация мәселелері бойынша сертификаттау курсынан өткен болуы тиіс», – дейді Жетісу облысы СЭБД басшысының орынбасары Самат Ахметов.
Минималды материалдық-техникалық жарақтандырудың болуы:
- шашырату және бүрку жабдығы;
- дезинфекциялау, дезинсекциялау және дератизациялау құралдарын және (немесе) препараттарын сақтауға арналған тоңазытқыш жабдығы;
- жеке қорғаныш құралдары (костюмдер, қолғаптар, бас киімдер, респираторлар);
- Қазақстан Республикасының және Еуразиялық экономикалық одақтың аумағында қолдануға рұқсат етілген дезинфекциялау, дезинсекциялау және дератизациялау құралдары және(немесе)препараттары.
Дезинфекция, дезинсекция, дератизация құралдары мен препараттарын пайдаланып, жем, тұзақтар, жұмыс ерітінділерін дайындауға және буып-түюге арнайы жабдықталған әкімшілік-тұрмыстық және өндірістік үй-жайларға, сондай-ақ дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау құралдары мен препараттарын сақтауға арналған объектіге санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының болуы қажет.