Алматыда шақырылған испан суретшісі — Хуан Саликетпен “Art Future” арт-резиденциясының халықаралық бағдарламасын іске қосу және қазақстандық авторлармен ынтымақтастық

Esentai Gallery заманауи өнер галереясы Испания Корольдігінің Қазақстандағы елшілігімен серіктестікте испан суретшісі Хуан Саликеттің (Juan Saliquet) қатысуымен Халықаралық арт-резиденцияның іске қосылғаны туралы хабарлайды. Жоба тұрақты мәдени ынтымақтастықтың нәтижесі болды және испан және қазақстандық арт-сахна арасындағы шығармашылық диалогты дамытуға бағытталған.

Резиденция Алматыда 2025 жылдың жазғы маусымында өтеді және эксперименттік студиялық жұмысты, қалалық ортаны зерттеуді және қоғамдық білім беру бағдарламаларын қамтиды. Арт-резиденция форматы пәнаралық практика және көркемдік алмасу зертханасы болып табылады: резиденция кезеңінде біз халықаралық мәдени алмасу үшін жергілікті авторларды, жаңа медиа суретшілеріне арналған опен-колл, ынтымақтастық, қаланы бірлесіп зерттеу және көркемдік тәжірибелерді қатысуға тартуды жоспарлап отырмыз.

Арт-резиденция бағдарламасының қатысушысы:

Хуан Саликет – испандық фотограф және визуалды суретші, 1969 жылы Мадридте дүниеге келген. Оның шығармашылық жолы суретші Оскар Бенедиден (1987-1990) оқудан кейін басталып, Эль-Агила тәуелсіз өнер мектептері мен Мадридтегі Бейнелеу өнері университетінде жалғасты. Саликет фотосуреттің, мүсіннің және кескіндеменің түйіскен жерінде жұмыс істейді, ал оның Cuttings / Erased авторлық техникасы кескішпен, өшіргішпен және жарықпен фотографиялық кескінге араласуды қамтиды, нәтижесінде кернеу мен тереңдікке толы портреттерге ұқсайтын үш өлшемді визуалды құрылым пайда болады. Оның шығармашылығы есте сақтау, тарихи мұра, өзіндік ерекшелік және жарық пластикасы тақырыптарымен байланысты, мұнда суретші өнердегі классикалық дәстүрлер мен заманауи көрнекі кодтарды қайта қарастырады.

Хуан Саликет әлем бойынша 80-нен астам көрмеге қатысты, оның ішінде Алматыда:

2017 — «The Skin I Dress» жобасы, Art Future Галереясы

2022 — «Көк базардағы» «РОЅТКАРД» арт-интервенциясы және қойылымы

2023 — «Алматы трилогиясы» жобасы, Ә. Қастеев атындағы ҚР-ның мемлекеттік өнер мұражайы.

Хуан Саликеттің “Бір қала археологиясы”зерттеу жобасы:

Хуан Саликет өзінің “Бір қаланың археологиясы” жобасында Алматыны жеке, тарихи және кеңістіктік көп қабатты жад құрылымы ретінде қарастырады. Өзін-өзі қазбалау тақырыбын зерттей отырып, суретші қаланы тірі ағза ретінде қабылдайды, онда формалар, жарық, архитектуралық фрагменттер мен бос кеңістіктер уақыт пен өзіндік ерекшеліктің тасымалдаушысы болады.

Қалалық ортаның текстурасын, жарықтың өзгеруін және кеңістіктің ритақтарын бақылау арқылы Саликет «қалалық тері» поэтикасын — ұжымдық процестер де, жеке тәжірибелер де көрсетілген беттерді құрастырады. Қала фон ретінде емес, көркемдік зерттеудің белсенді қатысушысы, сонымен бірге объект және субъект ретінде көрінеді.

Жоба көрерменді Алматыға әр қабат аяқталмаған оқиғаның үзіндісі болып табылатын күйлер мен мағыналардың мұрағаты ретінде қарауға шақырады. Қаланы «қазбалау» кезінде суретші параллель процесті — ішкі археологияны жүргізеді, жеке және урбанистік, форма мен есте сақтау арасындағы шекараларды кеңейтеді.

Жобаның кезеңдері

Арт-резиденцияның бірінші кезеңі, 2025 жылдың маусым-шілде айлары, жобаның басталғаны туралы ресми хабарландыруды және Алматыда Хуан Саликеттің зерттеу практикасының басталуын қамтиды. Бұл кезеңде суретші қаланы зерттейді, оның сәулеттік және мәдени ландшафтымен танысуды жалғастырады, негізгі өнер кеңістіктері мен мәдени орындарына барады. Хуанның зерттеулері мен бақылаулары жобаның Instagram-дағы @ArcheologyOfaCity аккаунтында мұрағатталады, онда резиденция нақты уақыт режимінде құжатталады және қоғамдық күнделікке айналады.

Екінші кезең, 2025 жылғы тамыз жобаны көркемдік іске асыруға арналады. Сонымен қатар, автор жергілікті көркемөнер сахнасымен диалогқа түседі, өз тәжірибесімен бөліседі және жеке көзқарасы мен Алматының “қалалық матасы” арасындағы қиылысу нүктелерін зерттейді.

Үшінші кезең: Esentai Gallery галереясында көрменің ресми ашылуы:

2025 жылдың қыркүйегіндегі мәрелік көрме Хуан Саликеттің жаңа туындыларымен таныстыра отырып, арт-резиденцияны қорытындылайды. Испан суретшісінің ақтық көрмесінен басқа, Esentai Gallery галереясы бағдарлама мүшесімен диалогта жасалған жергілікті суретшілердің жобаларын көрсетуді жоспарлап отыр.

Жобаның жария бағдарламасы:

Жоба аясында дәрістер, пікірталастар, мәдениет қайраткерлерімен және зерттеушілермен дөңгелек үстелдер, суретшілермен кездесулер, оның ішінде көрермендер қалалық кеңістікпен өзара әрекеттесе отырып, көркемдік тәжірибелерге қатыса алатын және Хуан Саликеттің авторлық әдісін қолдана отырып, өздері үшін таныс маршруттар туралы түсінікті қайта құрастыра алатын кездесулер жоспарлануда.

Art Future Residency бағдарламасы Алматыда 2021 жылы пайда болды және ол жергілікті және шетелдік авторларды қатысуға шақыра отырып, заманауи өнермен белсенді жұмыс істейді.

Жоба туралы толығырақ – www.artfuture.gallery сайтында

Галерея мекен-жайы: Алматы қ., “Esentai Mall” СО, 3 қабат