Алматыда Қытай мен Қазақстан арасындағы достыққа арналған ерекше спорттық турнир өтті

Алматыда ҚХР-дың Бас консулдығының бастамасымен отандық жетекші БАҚ өкілдері арасында ерекше пинг-понг турнирі өтті. Журналистер арасындағы қызу бәсекені Қытайден келген құрметті қонақтар, Алматы қаласының баспасөз қызметінің өкілдері, серіктестер және басқа да үлкен-кіші қауым тамашалады.
Турнирдің ашылуында Қытайдың Алматыдағы Бас консулы Цзян Вэй қатысушыларға арнап алғыс сөзін арнады:
«БАҚ өкілдерінің басын қосып, көңілді уақыт өткізуді көздеген біз осылай Журналисттер күнін атап өтуді жөн көрдік. Қытай мен Қазақстан арасындағы достықтың мұрагері және екі жаққа да тиімді ынтымақтастық туралы әрдайым мақала жазып, ақпараттық қолдау білдіретін журналисттер қауымын кәсіби мерекемен құттықтаймын! Қытай–Қазақстан достығының мәңгілік, жан-жақты стратегиялық серіктестігінің жарқын болашағын бірге жасайық!»
Консул ханым мерекелік шарада тек ұйымдастырушы ретінде емес, қатысушы ретінде де белсенділік танытып, бірнеше матчқа қатысып, жақсы спорттық дайындық көрсетті.
Шара аясында Қытай мен Орталық Азия елдері арасындағы екінші саммит нәтижелері пен Қытай туризмінің жетістіктері жайлы сөз қозғалды. Сондай-ақ, екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынасқа қатысты викториналық сұрақтар қойылып, жиналған қауымға естелік сыйлықтар ұсынылды.
Ал турнир нәтижесі бойынша жеімпаздар бағалы жұлделер мен медальдермен марапатталды.