28-ші Қазақстандық халықаралық «Көлік және Логистика» – TransLogistica Kazakhstan 2025 көрмесі

Орталық Азиядағы көлік-логистика қызметтері мен технологиялары саласындағы ең ірі көрме. Ол көлік саласындағы іскерлік байланыстарды нығайтуға, серіктестік қатынастарды дамытуға және инновациялық шешімдерді ілгерілетуге арналған маңызды құрал болып саналады. Көрме алаңы елдің көлік инфрақұрылымын дамыту мәселелерінде мемлекет пен бизнестің өзара әрекеттесуіне мүмкіндік береді.

Көрме қатысушылары қатарында: теңіз порттарының, темір жолдардың және Қазақстан мен шетелдің арнайы экономикалық аймақтарының әкімшіліктері; Көлік-логистика орталығы (КЛО); логистикалық компаниялар; автотехника өндірушілер мен дилерлер; вагон жасау және жөндеу зауыттары; логистикалық орталықтарды жабдықтауға арналған құрал-жабдық жеткізушілері; қойма жабдықтарын өндірушілер; жүк өңдеумен және сақтаумен айналысатын компаниялар; бағдарламалық қамтамасыз ету әзірлеушілері, IT-шешімдерді, процестерді автоматтандыру технологияларын және жүйелік интеграцияны ұсынатын ғылыми және технологиялық компаниялар, сондай-ақ сақтандыру және консалтингтік компаниялар бар.

2025 ФАКТІЛЕРІ:

Компания саны: 271

Ел саны: 21 (Әзербайжан, Беларусь, Германия, Грузия, Үндістан, Қазақстан, Қытай, Латвия, Литва, Люксембург, БАӘ, Пәкістан, Ресей, Румыния, АҚШ, Түрікменстан, Түркия, Өзбекстан және Эстония), бірлескен компаниялар – Австрия/Қазақстан, Германия/Қазақстан, Қытай/Қазақстан, БАӘ/Қазақстан, Ресей/Қазақстан, Түркия/Қазақстан, Франция/Қазақстан, Швейцария/Қазақстан

Қазақстандық компания: 128 Халықаралық компания: 143

Ұлттық топтар: Беларусь, Латвия, Литва, Эстония

2025 жылғы ерекшеліктер: алғаш рет Үндістан, Румыния және Пәкістаннан экспоненттер қатысады; Burunday Container компаниясының заманауи қоймасына эксклюзивті экскурсия ұйымдастырылады. Қатысушылардың айтарлықтай өсуі: Беларусьтен – 8; Қытайдан – 31; Латвиядан – 8; Литвадан – 12; Түркиядан – 13; Өзбекстаннан – 7; Эстониядан – 12.

Топ үш қатысушы ел: Қазақстан – 128; Қытай – 31; Ресей – 25

Алғаш рет қатысады: 101 экспонент

Көрме аясындағы іскерлік бағдарлама:

30 қыркүйек

  • Аспан Қарағай Машинери, Складские Технологии, Даобит компанияларының семинарлары

 1 қазан

  • IV «Қазақстандағы қойма логистикасы нарығы» конференциясы
  • Burunday Container Terminal қоймасына экскурсия
  • II «Ірі габаритті және ауыр салмақты жүктерді тасымалдау жөніндегі» Breakbulk Kazakhstan конференциясы
  • Rhino Group семинары
  • Sia SIGIS, Латвия – «ТБАЖ тасымалдауды басқарудың автоматтандырылған жүйесі» атты презентациясы

2 қазан

  • Expert Talks: Қазақстан Көлік аптасының қорытындылары «Еуразия 2025: жаңа көпполярлылықтағы логистика»

Ресми серіктестер: BURUNDAY CONTAINER TERMINAL, EMEX, АВТОТРАНСИНФО, Градалогистик.

Ресми қолдау:

Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі, «Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ, «Атамекен» Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлерінің ұлттық палатасы, Ұлттық Экспедиторлар Қауымдастығы, «KAZLOGISTICS» Қазақстан көлікшілер одағы, Қазақстан тасымалдаушылары мен вагон операторларыны қауымдастығы, Chartered Institute of Logistics and Transport Central Asia.

Ұйымдастырушылар:

Қазақстандық Iteca және Атакент-Экспо көрме компаниялары, халықаралық серіктесі ICA Events компаниялар тобымен бірге.