Рas-әл-Хаймада өткен алғашқы Халықаралық жылжымайтын мүлік инвестициялары саммиті жаңа мүмкіндіктер дәуірін ашады

Инвесторлар, девелоперлер мен салалық сарапшылар 30–31 қазан күндері Ras-әл-Хайма қаласындағы Al Hamra халықаралық көрме-конгресс орталығында өтетін алғашқы IREIS – Халықаралық жылжымайтын мүлік инвестициялары саммитінде бас қосады.
2025 жылдың 29 қыркүйегінде жарияланғандай, Ras-әл-Хайма жылжымайтын мүлік нарығында маңызды ойыншыға айналып, БАӘ-нің жаһандық инвестициялық беделін нығайтып келеді. Екі күнге созылатын Cityscape іс-шарасы инвесторларға, құрылыс салушыларға және мемлекеттік органдарға аймақтың өсу нүктелерін, перспективалы жобаларды және әлемдік жаңа трендтерді талқылауға бірегей мүмкіндік береді.
Саммит барысында БАӘ мен әлемдік жылжымайтын мүлік нарығындағы өзгерістер, инвестициялардың Еуропа мен Азияда қайта бөлінуі, Солтүстік Америкадағы тұрақты қалалық жобалардың дамуы сияқты тақырыптар көтеріледі. Қатысушылар саланың болашағын айқындайтын негізгі үрдістер, инвестициялық стратегиялар мен инновациялар жөнінде пікір алмасады.
Нарықтың өсу қарқыны:
-
Savills компаниясының болжамы бойынша, 2025 жылы жаһандық жылжымайтын мүлік инвестицияларының айналымы 27%-ға артып, 952 млрд АҚШ долларына жетеді, ал 2026 жылы 1 трлн доллардан асады.
-
2024 жылы БАӘ-ге тікелей шетелдік инвестициялар көлемі 45,6 млрд АҚШ долларын құрап, өткен жылмен салыстырғанда 48,7%-ға өсті. Оның 7,8%-ы жылжымайтын мүлік секторына тиесілі.
-
2025 жылдың алғашқы жартысында Дубайда 326 млрд дирхамға (шамамен 89 млрд АҚШ доллары) келісімшарт жасалып, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 39%-ға өсті, жаңа инвесторлар саны 22%-ға артты.
Сарапшылардың пікірінше, елдің қолайлы географиялық орналасуы, экономикалық тұрақтылығы және прогрессивті заңнамасы БАӘ-ні Шығыс пен Батыс арасындағы капитал ағынының ірі орталығына айналдырды.
2014–2024 жылдары БАӘ-дегі шетелдік инвесторлармен жасалған мәмілелер саны 106%-ға өсті. 2022 жылы Wynn Al Marjan Island курорттық жобасы жарияланғаннан бері Ras-әл-Хаймадағы шетелдік сұраныс жылына орта есеппен 9,2%-ға артып келеді.
Ал Marjan Island аралындағы премиум сыныптағы тұрғын үй кешендері мен виллалар, дамыған инфрақұрылым – мейрамханалар, SPA-орталықтар, фитнес- және яхт-клубтар, абаттандырылған жағалаулар халықаралық инвесторлардың назарын аударуда. Мұнда барлық мәмілелердің 68%-ын шетелдіктер жасайды, БАӘ азаматтары мен резиденттері үлесі – 32%.
Саммит Marjan компаниясының, сондай-ақ Al Hamra, RAK Hospitality Holding және RAK Properties серіктестерінің қолдауымен өтуде. Cityscape шараның ұйымдастырушысы ретінде саланың жетекші ойыншыларын біріктіруде мол тәжірибеге ие.
30–31 қазандағы бұл күтілген басқосу аймақтың қарқынды дамуы мен жаңа трендтері аясында жылжымайтын мүлік нарығындағы мүмкіндіктерді зерттеу үшін халықаралық инвесторларды тоғыстырады. Ras-әл-Хайма БАӘ мен шетелдік инвесторлар үшін жаңа мүмкіндіктер орталығына айналмақ.



