Алматы халықаралық әуежайы ұжымы “Қарттар күні” мерекесімен құттықтады

Халықаралық қарттар күніне орай Алматы халықаралық әуежайы өзінің жыл сайынғы дәстүрі бойынша еңбек ардагерлері мен авиация саласының зейнеткерлерін мерекемен құттықтады. Құрмет пен қамқорлықтың белгісі ретінде әуежай қызметкерлері Түрксіб ауданының аға буын тұрғындарына азық-түлік себеттерін табыстады.
Қарт адамдар – қоғамның алтын қоры, олардың еңбегі мен өмірлік тәжірибесі жас ұрпақ үшін үлгі болып табылады. Аға буынға құрмет пен қамқорлық көрсету – компания мәдениетінің маңызды бөлігі.
Айта кету керек, әуежай жақын маңдағы аудандардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған басқа да жобаларды жүзеге асырып келеді. Мысалы, компания жыл сайын ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың жаңа оқу жылына дайындалуына көмектесетін «Мектепке жол» акциясын қолдап келеді. Сонымен қатар әуежай аймақ үшін бірегей шу деңгейін төмендету бағдарламасын іске асырып, әуежай маңындағы тұрғын үйлерге шудан оқшаулау жұмыстарын өз қаражаты есебінен жүргізуде.
Алматы халықаралық әуежайы әрдайым өзі қызмет атқаратын қауымдастықты қолдайды. Жақын маңда тұратын адамдарға қамқорлық жасау – корпоративтік мәдениет пен әлеуметтік жауапкершіліктің маңызды бөлігі. Әуежайдың дамуы тек авиация саласына ғана емес, сонымен қатар көршілерге де пайда әкеліп, жайлы және қамқорлыққа толы орта қалыптастыруға бағытталған.


