«Кел, көмектесейік» атты қайырымдылық іс-шарасы аясында 22 жануар жаңа үй тапты  

Жануарларды қорғаудың дүниежүзілік күніне орай Алматы қаласында үй жануарларын күтіп-баптау және тамақтандыру саласындағы жетекші Purina бренді ұйымдастырған «Кел, көмектесейік» атты қайырымдылық арт-пикнигі өтті.

Бұл дәстүрлі жыл сайын өтетін шара биыл жетінші рет қала тұрғындарын, еріктілерді және қор өкілдерін біріктіріп, баспаналардағы жануарлардың өз иелерін табуына көмектесіп, жануарларға жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыруға өз үлесін қосты.

Күннің басты нәтижесі – 22 ит пен мысық өздерінің жаңа иелерін тапты. Үй жануарын асырап алуға шешім қабылдаған барлық отбасыларға үй жануарының бейімделуіне арналған азық пен керек-жарақтардан тұратын бастапқы жиынтықтар табысталды.

Қонақтар үшін шығармашылық шеберлік сабақтары, арт-инсталляциялар және мамандардың кеңестері ұйымдастырылды. Арт-пикник барысында жануарлардың жаңа ортаға бейімделуіне ерекше назар аударылды: ветеринарлар мен зоопсихологтар үй жануарларының жаңа мекенге тез үйренісіп, иелерімен сенімді қарым-қатынас орнатуына көмектесетін практикалық кеңестерімен бөлісті.

Іс-шара «Дос», «Котопес», «Comes», «Хвостатый рай» және «Белый Бим» қорларының қолдауымен өтті.

Purina PetCare компаниясының Еуразия өңірі бойынша бизнесін дамыту жөніндегі менеджері Александр Каменский атап өтті:

«Жыл сайын адамдардың жануарларға қамқорлық жасау тақырыбына деген қызығушылығы артып келе жатқанын байқап отырмыз. Біздің мақсатымызжануарларға үй тауып берумен ғана шектелмей, мейірім мен жауапкершілікті жоғары бағалайтын қоғамдық мәдениетті қалыптастыру».

Қор өкілдері де бұл іс-шараның маңыздылығын атап өтті:

Мария Беневоленская, «КотоПёс» қорының негізін қалаушы:

«Мұндай бастамаларбіздің қамқорлығымыздағы жануарлардың өз отбасын табуға үлкен мүмкіндік. Бүгін көптеген жануарлар осындай мүмкіндікке ие болды, және біз оларға үйінің есігін ашқан әрбір адамға алғыс айтамыз».

Бацалов Р. Д., «Дос» панасының басшысы:

«Болашақ иелермен бірге зоопсихологтар мен ветеринарлардың жұмыс істеуі өте құнды. Бұл жануарлардың бейімделу үдерісін жеңіл әрі қауіпсіз етуге көмектеседі».

Ұйымдастырушылар жобаның әрі қарай да дамып, қамқорлыққа мұқтаж жануарларға қолдау көрсетуге адамдарды шабыттандыратынына сенімді.