Давид Дегтярев – пара пауэфрлифтингтен әлем чемпионы!

Пара пауэрлифтингтен әлем чемпионатында Паралимпиада ойындарының екі дүркін жеңімпазы Давид Дегтярев 54 кг дейінгі салмақта үш тәсілдің қосындысы бойынша 567 кг зілтемірді көтеріп, әлем чемпионы атанды. Ол үшінші талпынысында 191 кг көтеріп, Азия рекордын орнатты.
Оған қоса, аталмыш додада 50 кг дейінгі салмақта Фариза Толжан (285 кг) және 73 кг дейінгі салмақта Раушан Қойшибаева (330 кг) алтын медальға ие болды. Ал 88 кг дейінгі салмақта сынға түскен Рахметжан Хамаев үш тәсілдің қосындысы бойынша 592 кг нәтижемен күміс медаль еншіледі.
Айта кетейік, пара пауэрлифтингтен әлем чемпионаты 11-18 қазан аралығында Каирде (Мысыр) өтуде. Жарысқа 70 елден 550 спортшы қатысуда.
Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығының баспасөз қызметі


