TEDxAlmaty Youth 2025: Батыл бол

TEDxAlmaty өз көрерменімен қайта қауышпақ! Биыл конференция Youth форматында «Батыл бол» тақырыбында өтеді. Іс-шараның мақсаты – жастарды оқуға, білім алуға, өз идеяларын қорғауға және батыл шешімдері арқылы болашақтарын қалыптастыруға ынталандыру.

Сахнада жасөспірімдер, жас көшбасшылар мен түрлі сала мамандары сөз сөйлейді. Олар жеке кеңістік пен шекара, психологиялық саулық, мамандық таңдау, білім алу, цифрлық қауіпсіздік және мәдени бірегейлік сияқты өзекті тақырыптарды қозғайды. Конференция бағдарламасында шабыт беретін баяндамалармен қатар музыкалық және театрлық қойылымдар, арт-аймақтар мен еркін пікір алмасуға арналған алаңдар болады.

«Бүгінде жасөспірімдер әлеуметтік желілердің ықпалы, отбасы мүшелерінің үміті не талаптары мен өзге адамдардың стандарттарына сай болмау қорқынышы сияқты үлкен эмоционалдық қысымда өмір сүреді. Соңғы бір жылда Қазақстанда қылмыстық жауапкершілікке тартылған жасөспірім саны шамамен 40%-ға артқан, ал жастардың 60%-ға жуығы өздерін алаңдаушылық сезімі билейтінін және қайдан көмек сұрарын білмейтінін мойындайды. Сондықтан біз батылдық тақырыбын жай ғана ұран ретінде емес, қолдау белгісі ретінде таңдадық. Батылдық – күрделі тақырыптар жайлы ашық айту, көмек сұрай білу және өз болмысыңнан қорықпау», – дейді TEDxAlmaty кураторы Шолпан Махмудова. «Біздің мақсатымыз – шабыт беру ғана емес, әр жасөспірімнің үні біз үшін маңызды екенін сезінуіне мүмкіндік беру. «Батыл бол» – бұл адалдық, ішкі күш және осалдықтың да батылдықтың бір түрі екенін түсіну туралы»

TEDxAlmaty Youth 2025 – жай ғана конференция емес, бұл – жастар өздерінің жалғыз емес екенін сезіне алатын, еркін сөйлеп, өзін іздеп, қателесіп, қайтадан әрекет етуге мүмкіндік беретін кеңістік. Бұл – қолдау, есею және батылдықтың өзіңе қарай жасалған кішкентай қадамнан басталатыны туралы оқиға.

Іс-шараға билет алу үшін мына сілтемеге өтіңіз: https://kino.kz/ru/concert/event/8077