Өмірді сақтандыру – болашақтың кепілі

Адам өмірі – күтпеген жайттар тізбегі. Болашақ туралы ойланғанда өз басымызбен бірге, отбасымыздың, бала-шағамыз бен, ата-анамыздың ертеңіне алаңдайтынымыз жасырын емес.  Қазір қауқарымыз бар ғой, бірақ ертең алай-бұлай болып болып кетсем, маған арқа сүйеп отырған жандардың өмірі қалай болар екен деп әрбір қазақ азаматы уайым шегеді. Баяғы заман болса, бір рулы елміз, бір-бірімізге қарайласармыз деп ертеңге үмітпен қарар едік. Ал қазір урбанизация дәуірінде әулеттер моно отбасыға айналып, әркім өз жайын күйттеп кетті. Ол үшін, әрине, ешкімді жазғыруға болмас. Өйткені заман талабы, өмір заңы осыған алып келді.

Ал біз осы тағдырдың жауыны мен дауылы соғып, көлденең жайттар есеңгіретіп тастағанда бір жағымызға шығысып, көмекке келетін заманауи одақтасымыз – сақтандыру полисі бар екенін, яғни біз келешегімізді кепілдікке алып, өмірімізді сақтандырып қоя алатынымызды білеміз бе? Оның бізге қандай пайдасы бар? Ол қай кезде іске жарамды? Бұл жолы осы туралы әңгімелегіміз келеді.

«Өмірді сақтандыру» ұғымының тамыры өте тереңде жатыр. Ежелгі Римде «burial clubs» – яғни мүшелері өздерінің жерлеу рәсімдерін қамтамасыз ету үшін қаражат жинаған ұйымдар болған. XVII–XVIII ғасырларда Англияда және Голландияда өмірді сақтандыруға ұқсас жүйелер пайда болған. Мысалы, 1706 жылы Лондонда Amicable Society for a Perpetual Assurance Office алғашқылардың бірі болып тіркелген. АҚШ-та XVIII–XIX ғасырларда өмірді сақтандыру компаниялары пайда болып, қоғамда кеңінен таралды.

Қазақстанға «өмірді сақтандыру» түсінігі кешірек енгенмен, ұжымдық жауапкершілік және отбасылық қауіпсіздік мәдениеті ежелден бар. Бүгінгі сақтандыру компаниялары сол ертеден келе жатқан үрдісті заманауи формада дамытушы, жалғастырушы іспетті.

Қарапайым тілмен айтқанда, өмірді сақтандыру басыңа әлдебір іс түскенде қаржылай қорғанысты қамтамасыз ету. Адам күтпеген келеңсіздікке тап болғанда, ауыр сырқатқа шалдыққанда, жұмыс істеуге деген қабілетін жоғалтқанда, тосын апатқа, табиғи апаттарға душар болғанда және т.б. жағдайларда сақтандыру полистері отбасы үшін қаржылай көмекке айналады.

Алайда сақтандыру мәселесі туралы ойланатын адам көп болғанымен, бірден іске кірісе алмай, күмәнданып жүргендер де жетерлік. Оған қоса, ақпарат ағынында өмір сүріп жатқан адам ретінде қай дерекке сеніп, қайсысын елемеу керегін білмей жиі шатасамыз. Бірақ заман талабын уақытында түсінген жандар өмірін сақтандыру арқылы мұндай мәселелерді дер кезінде шешіп-ақ жатыр. Мысалы, Алматы қаласының тұрғыны Жанар Есқалиева Halyk Life сақтандыру компаниясының қызметіне жүгініп, қиын жағдайда тап болғанда «Бәйтерек» бағдарламасымен сақтандыру төлемін алған екен.

«2024 жылдың мамыры. Алматыда қатты нөсер төгіп тұр. Көлігіме қарай асыға жүгіріп бара жатқанда кенет сүрініп, құлап қалдым. Аяғым ауырсына бастаған соң, №7 Қалалық клиникалық аурухананың травматологиялық пунктіне бардым. Дәрігерлер рентген түсіріп, оң аяғымның тобығы сынғанын айтты. Аяғыма гипс салып, еңбекке жарамсыздық парағын ашты. Сол кезде есіме Гульяра Мауленқызы түсіп, бірден хабар бердім. 2023 жылдың 30 желтоқсанында сол кісінің кеңесімен жарты жылда бір рет 80 000 теңге төлеп, сақтандыру келісімшартын жасап қойғанмын. Ол кісі маған еңбекке жарамсыз екенің туралы парақтың мерзімі аяқталған соң мына құжаттарды жина деп тізім берді. Тізімде бар болғаны еңбекке жарамсыздық қағазы, рентген түсірілімі, келісімшарт және төлқұжат болды. Осы құжаттарды жинап өткізгеннен кейін мен 3-4 күн аралығында 147 000 теңге көлемінде сақтандыру төлемін алдым. Сол үшін Halyk Life-ке алғыс айтамын».

Қазір қазақстандық сақтандыру нарығында екі негізгі бағыт бар: жинақтаушы өмірді сақтандыру және классикалық өмірді сақтандыру. Біріншісі – банктегі депозит секілді, ақшаңызды сақтап қана қоймай, оны инвестициялау арқылы көбейтудің бір жолы. Сондай-ақ соңғы жылдары мемлекет өмірді сақтандыруды білім беру саласымен ұштастырып, жаңа деңгейге көтерді. Мысалы, заңнамаға енгізілген өзгерістердің арқасында ата-аналар жинақтаушы сақтандыру полисі арқылы балаға жоғары білім алуға арналған қаржы жинай алады. Бұл жүйеде мемлекет 5-7% көлемінде сыйақы береді, ал егер ата-ана еңбекке жарамсыз болып қалса немесе өмірден озса, сақтандыру компаниясы баланың оқу ақысын толық өз мойнына алады.

Биылғы жылдың ең маңызды жаңалықтарының бірі – 2025 жылы 10 қаңтарда Президент қол қойған «Келешек» бірыңғай ерікті жинақтау жүйесі туралы заң. Бұл – баланың жоғары білім алуына мүмкіндік беретін жаңа мемлекеттік бағдарлама. Қарапайым сөзбен айтқанда, «Келешек» ата-ананың, мемлекеттің және сақтандыру компаниясының қаржысын бір жүйеге біріктіріп, әр баланың білім алуын қаржылай қамтамасыз етуге бағытталған.

Бағдарлама бойынша мемлекет әр балаға 60-120 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде бастапқы білім беру капиталын аударады. Бұған қоса, ата-ананың өз жинағы мен Halyk-Life сақтандыру компаниясының инвестициялық кірісі қосылады. Ал әлеуметтік осал топтағы отбасылардың балаларына 7% мемлекеттік сыйақы қарастырылған (қалғандарына – 5%). Ең маңыздысы — егер ата-ана өмірден озса немесе еңбекке жарамсыз болып қалса, Halyk-Life компаниясы келісім-шарттағы міндеттемені толық өз мойнына алады. Яғни баланың оқуы тоқтамайды, сақтандыру компаниясы оның оқу ақысын өзі төлейді.

Бұл жүйеге 56 жастағы баласы бар ата-аналар қосыла алады. Олар «Bilim-Life» бағдарламасы арқылы келісім-шартқа отырып, ай сайынғы төлемді өз мүмкіндігіне қарай таңдайды. 10 000 теңгеден бастап, ай сайын, жарты жылда бір рет, не бір реттік толық төлем жасауға болады. Ал егер бала грантқа түссе, жиналған қаржыны кейін басқа мақсатқа, мысалы, баспана алуға немесе кәсіби білімге бағыттауға рұқсат етіледі.

Былайша айтқанда, «Келешек» – жай ғана жинақ жүйесі емес, бұл ата-ананың баласына деген сенімі мен қамқорлығының көрінісі. Бүгін қабылданған шешім, ертең баланың еркін болашағына айналады.

Өмір деген баға жетпес құндылықты сақтандыру арқылы сіз қыруар пайдаға кенелесіз:

– Бойыңыздағы күмән мен күдіктен арыласыз. Егер қоғамда өмірді сақтандыру туралы нарратив пайда болса, ол кейін насихатқа айналып, насихат адамдардың ойында өмір сүреді. Сөйтіп, тосын жайттарға ұшырағанда есіне бірден сақтандыру полисі түседі.

– Қаржылық сауаттылықты арттырады. Адамдар өмірін, отбасын, болашағын жоспарлау қажет екенін түсінеді.

– Әлеуметтік жауапкершілік деңгейі өседі. «Мен отбасымды қорғаймын, балаларымның болашағын ойлаймын» деген мәдениет қалыптасады.

– Елдегі қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Егер халық жаппай сақтана бастаса, күтпеген шығындардан экономикаға түсетін қауіп азаяды.

– Компаниялардың насихаты арқылы азаматтар бұл қызметтің бар екенін біледі, шарттары туралы хабардар болады, өзі және отбасы үшін лайықты опцияларды таңдауға мүмкіндік алады.

«Халык-Life» – Қазақстандағы өмірді сақтандыру саласында белгілі компания.
Олар жеке адамдарға арналған өмірді сақтандыру бағдарламаларын ұсынып, әрбір клиентке жеке шарт жасайды.

Өмір – бірегей, қайталанбас үздіксіз жоба. Біз әр күнді, әр сәтті үлкен үмітпен қарсы аламыз. Бірақ сол үміттің артында жауапкершілік тұрғанын көп жағдайда сезіне бермеуіміз мүмңкін. Ал шындап келгенде бұл өмірдің қожасы – адамның өзі. Ересек те саналы ғұмыр болашақ үшін жауапкершілік сезінуден басталады. Ал оның ішінде біздің бақытты ба байыпты өміріміздің кепілі – баламыздың күлкісі, қарт ата-анамыздың жан тыныштығы жатыр.

«Халык-Life» секілді сенімді серіктес сіздің келешек туралы уайымыңызды сейілтіп, ертеңгі күнге жарқын үміт сыйлайды. Қауіпсіздігіңізді қамтамасыз етіп, алаңсыз өмір сүруге мүмкіндік береді. Ол сіздің ғана емес, бүкіл отбасыңыздың қамқоры, қалқаны болғысы келетін ұйым.

Мақсат МӘЛІКОВ