71 жастағы қазақстандық Тулеген Кожахметов жеңіл атлетикадан 23-ші Азия мастеркласы чемпионатында бес медаль жеңіп алды

Үндістанның Ченнаи қаласында өткен Азия мастеркласы чемпионатында (Asia Masters Athletics) Тулеген Кожахметов өз жас санатында керемет нәтижелерге қол жеткізді. 71 жастағы спортшы жеке жетістіктер қоржынына бірден бес медаль салды: алтын – 400 метрлік қашықтықта, екі күміс – 200 метрлік қашықтықта және 4×400 метрлік эстафетада, сондай-ақ екі қола – 100 метрлік қашықтықта және 4×100 метрлік эстафетада.
Спортшының қатысуы Almaty Management University-дің қолдауының арқасында мүмкін болды. Алматы әуежайында жүлдегерді университеттің белсенді студенттер тобы қарсы алды.
Турнир 2025 жылғы 5-9 қараша аралығында Asia Masters Athletics эгидатында және Masters Athletics Federation of India қолдауымен өтті. Masters Athletics – жоғары деңгейде жарысуын жалғастыратын әуесқойлар мен бұрынғы кәсіби спортшыларды біріктіретін халықаралық қозғалыс. Азия мастерклас чемпионаттары екі жыл сайын өткізіліп, 35 жастан асқан барлық спортшыларды жинайды. Жарыстарда дәстұрлі жеңіл атлетикадағы секілді жүгіру, секіру және лақтыру жаттығулары қамтылған. Алайда мұнда тек нәтижеге ғана емес, ересектер мен қарт адамдар арасында белсенді және салауатты өмір салтын насихаттауға да басымдық беріледі.
Тулеген Қожахметов өз үлгісімен спорттың жас шектеуі жоқ екенін дәлелдеді. Ол белсенді өмір салтын ұстанып, жарыстарға қатысуды жалғастыруда және жастар мен ересектерді спортпен айналысуға, денсаулықты сақтауға шабыттандыруда.
Almaty Management University әлеуметтік бастамалар мен спорттық іс-шараларды қолдайды. Мысалы, үшінші жыл қатарынан Солтүстік Қазақстан облысы, Айыртау ауданы, Лобаново ауылында «Мусин-Иванов трассасы» атты шаңғы жарысы өтеді. Жарыстың мақсаты – шаңғы спортын танымал ету, жастарды пайдалы бастамаларға тарту және өңірдегі спорттық дәстүрлерді нығайту. Іс-шараға танымал спортшы, Олимпиада чемпионы және төрт дүркін әлем чемпионы Владимир Смирнов қатысады.



