«Цифрлы күз» фестивалі Қазақстанға оралуда – француз иммерсив өнері Алматыда  

«Цифрлы күз» француз иммерсив өнерінің фестивалі Қазақстанға оралуда: биыл фестиваль Almaty Creative Hub орталығында қарашаның 13-нен 20-на дейін өтеді. Фестиваль қонақтары Францияның виртуалды және толықтырылған шындықта жасалған үздік цифрлы өнер туындыларымен таныса алады.

Фестиваль бағдарламасының түйіні – француз суретшісі Элли Олдманның  басшылығымен жасалған «Қорқынышты орман» интерактивті фрескасының Almaty Creative Hub орталығындағы тұсаукесері. Шараға жобаға атсалысқан өзге елдердің бірнеше суретшілері қатысады. Фестиваль аясында, сонымен қатар, виртуалды шындықтағы озық әлемдік туындылардың көрмесі өтеді, олардың ішінде 81-Халықаралық Венеция кинофестивалінің жеңімпаздары да бар.

Ұйымдастырушылар: Almaty Creative Hub және Less Media Group. Фестиваль демеушілері: Француз институты және Францияның Қазақстандағы Елшілігі.

«ҚОРҚЫНЫШТЫ ОРМАН» интерактивті фрескасы

«Қорқынышты орман» өнер, музыка және толықтырылған шындық технологияларын біріктіретін фреска. Элли Олдманның басшылығымен Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Ресей елдерінің жас суретшілері, музыканттары мен бағдарламашылары                              AR-технологиялардың көмегімен жанданатын ауқымды цифрлық жұмысты жасады. Фрескадағы оқиға желісі француз суретшісі қайта мән берген әртүрлі елдер суретшілерінің материалдарына негізделеді. Almaty Creative Hub орталығында өтетін фресканың әлемдік тұсаукесеріне идея авторы Элли Олдман және оның жасалуына атсалысқан суретшілер келеді. Жоба Мәскеу қаласындағы Француз институтының бастамасымен жүзеге асырылды.

Элли Олдман — француз цифрлы суретшісі және суреттемелер салуды өздігінен үйренген иллюстратор. Ол 2017 жылы Instagram әлеуметтік желісіндегі @theinfinitedrawing парақшасында жарияланған “Шексіз сурет” (Le Dessin Sans Fin) жобасының арқасында танымал болды. Сегіз жыл және мыңдаған жазбалардан кейін бұл бастама пластикалық ластану мәселесін көтеретін кеңейтілген шындықтағы “Шексіз суреттің ұлы хикаясы” көрмесіне айналды. 2025 жылы Элли «Қорқынышты орман» жобасымен қатар, 2026 жылдың күзіне жоспарланған “Шексіз сурет ұлы хикаясының” жалғасы болып табылатын “Жер үстіндегі планета” интерактивті фрескасымен жұмыс істеуде. Әлеуметтік және қайырымдылық жобаларының белсенді қатысушысы Элли Олдман өзінің сурет салуға деген құштарлығын дертке шалдыққан кезде ашты; сауығудың маңызды бөлігі шығармашылық болды. Сол кезден бері ол өзінің өмірлік тәжірибесімен және білімімен бөлісе отыра, күнделікті сурет салуда.

«Қорқынышты орман» жобасының авторлары: Ширин Бегмурадова, Аделина Гарифуллина, Айдана Русланова, Айя Мұсахан, Алина Кенжебаева, Анна Бакаева, Бежан Шамсов, Дамир Давлетшин, Данил Оборожный, Дария Орынбасарова, Иван Нестерец, Хуснора Абдусаматова, Маргарита Суляева, Мариам Хасанова, Павел Голышкин, Полина Ханым, Асад Тұрғынов және Ұлықбек Мамутов.

Фестивальдің VR-бағдарламасы

AR-фрескадан басқа, «Цифрлы күз» фестивалінің қонақтарын француз озық студияларының 12 иммерсив туындысынан құралған қанық VR-бағдарлама күтеді. Биыл фестиваль тақырыбы ретінде «бату» ұғымы алынды. Иммерсив құралдардың көмегімен көрермен оқиғаны тек көзбен ғана көріп қоймай, оны шынымен бастан кешеді. Бұл көрерменге хикая ішінде болғандай күй кешіп, кеңістіктің бір бөлігі ретінде өзін сезінуге мүмкіндік беретін тәжірибе.

Бағдарламада келесі елеулі туындылардың премьералары бар:

  • «Ito Meikyū» – француз суретшісі Борис Лаббе ұсынатын жапон өнерінің сарындары бойынша сенсорлық саяхат, 2024 ж Халықаралық Венеция кинофестивалінің бас жүлдегері;
  • «Impulse: Playing with Reality» – Anagram және Floreal студияларынан ми жұмысын және ұғыну үрдісін зерттейтін аралас шындық тәжірибесі (2024 ж Халықаралық Венеция кинофестивалінің жүлдесі;
  • «Madrid Noir» – классикалық нуар бағытындағы интерактивті VR-оқиға, Эмми жүлдесінің лауреаты.