Қазақстан СІМ басшысы Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымының Бас директорын қабылдады

 Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымының (АҚИҰ) Бас директоры Берік Арынмен кездесу өткізді.

Сұхбат барысында тараптар Қазақстан мен АҚИҰ арасындағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін, сондай-ақ Ұйымның ағымдағы қызметі мен алдағы іс-шараларын талқылады.

Кездесуді қорытындылай келе, сұхбаттастар Ислам ынтымақтастығы ұйымы өңіріндегі азық-түлік қауіпсіздігінің өзекті мәселелерін шешу үшін диалогты нығайтуға келісті.

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі