Оқырманның ойы әрдайым ескерілуі тиіс

businessman balancing on tightrope city
Түркістанда өткен «Turkistan Book Fair–2025» халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі көптеген баспагерлердің басын біріктіріп, өзара әріптестік пен ықпалдастықты нығайтты. Айтулы жиынға Түркия, Өзбекстан, Моңғолия, Әзербайжан, Қырғызстан, Саха Республикасы (Якутия), Ресей және Қазақстаннан келген 50-ге жуық баспа ұйым қатысқан еді. Бұл аймақтағы оқырман үшін де үлкен кітап мерекесіне айналды.
Жергілікті баспалардың қатары да кең. Балалар әдебиеті, көркем әдебиет, энциклопедиялық және жасөспірімдерге арналған кітаптар ұсынылды. Arman-PV, Фолиант, Атамұра, Almatykitap, Steppe&World және өңірлік баспалар мазмұны жеңіл оқылатын, безендірілуі жаңартылған кітаптарын таныстырды.
Биыл Arman-PV баспасы көрмеге жаңа басылымдарын алып келді. Олардың қатарында «Көшпенділер ойындары» кітабы мен балаларға арналған танымдық мазмұндағы кітаптар бар. «Көшпенділер ойындары» еңбегінде қазақ халқының дәстүрлі ойындары мен спорт түрлері қарапайым тілмен беріледі. Балаларға арналған танымдық кітаптарда тіл үйренуге және дүниетанымды кеңейтуге бағытталған материалдар қамтылған.
Сондай-ақ көрмеде цифрлық оқу материалдары да таныстырылды. Arman-PV баспасының Ekitap.kz платформасы оқу контентін электрондық форматта ұсынатын құрал ретінде көрсетілді. Платформада оқу материалдары, тапсырмалар және түсіндірмелер біріктірілген. Оның үсіне баспа жасанды интеллект модульдерін қолдану арқылы, сапалы видео, аудиоконтент және оқушылар мен ұстаздарға көмекші құрал «Arman AI-ды» таныстырды.
Біз назарларыңызға елімізге белгілі қаламгерлердің біздің баспа жайлы пікірлерін ұсынып отырмыз.

ҰЛЫҚБЕК ЕСДӘУЛЕТ – «ТҮРКІСОЙ» ЖАЗУШЫЛАР ОДАҒЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ
Менің қолымда Arman-PV баспасынан шыққан үш тілдегі «Көшпенділер ойындары» кітабы тұр. Өзімізге жақсы таныс, білетін ойындар. Осыны өзге тілдерге аударып, жан-жақты таныту екінші мәселе. Бұл шаруаны Arman-PV қолға алған екен. Орыс және ағылшын тілдеріне аударып шығарыпты. Халықаралық тілдер ғой қалай болғанда да. Баспаның полиграфиясы жоғары деңггейде екенін байқадық. Аудармасының да сапалы екенін көріп қуанып тұрмын. Ең бастысы – балаларға арналған дүниенің көптігі. Кітапты қатпар-қатпар етіп, кішкентай оқырманға қызықты қылып шығару біздің полиграфияның жетістігі. Баспаның осындай күрделі кітаптарды шығаруды қолға алғаны батылдық бір жағынан.

БАЯНҒАЛИ ӘЛІМЖАНОВ – ҚАЛАМГЕР, МӘДЕНИЕТ ҚАЙРАТКЕРІ
Түркістанда өтіп жатқан халықаралық кітап көрмесінде мен мына Arman-PV баспасына да соқтым. Өнімдеріне қарасам өте жақсы екен. Балаларға арналған әдемі дүниелер мінекей. Тұрмыс-салт ертегілері деген қандай жақсы. Абай атамыздың шығармалары. Осы жерден шағын ғана «Өнерлі балалар» деген кітапты немереме сатып алдым. Авторы көзін көрген ағамыз еді. Сұлтан Қалиұлы деген үлкен балалар жазушысы. Қазақ әдебиетіне де көп еңбек сіңірді. Сондықтан бұл баспаның жұмысына жеміс тілеймін, айналайындар.

ҰЛАРБЕК ДӘЛЕЙ – ЖАЗУШЫ, «ҚҰРМЕТ» ОРДЕНІНІҢ ИЕГЕРІ
Қадірлі оқырман, қадірлі қазақ жұрты, 25 жылдық тарихы бар Arman-PV баспасының негізгі бағыты қазақ оқушылары үшін, қазақ ізденушілері үшін оқулық кітаптарын шығарады екен. Танымдық бағыттағы деректі кітаптары көп. Сондықтан осындай кітап қоры мол, сапалы дүниелер шығаратын баспалардың өнімдерін оқуға шақырамын. Базасы ауқымды, қамтитын тақырыптары кең. Баршаңызды кітап оқуға шақырамын.
/Arman-PV баспасы жайлы қаламгерлердің пікірі/


