Қазақстан нарығына Perfluence платформасы келді
Қазақстан нарығыда микроблогерлермен жұмысқа арналған Perfluence платформасы шықты. DREAM халықаралық компаниясының бөлігі саналатын платформа микроинфлюенсерлер арқылы брендтерге сатылымдар ұйымдастырады. Платформа Үндістанда, Мексикада, Бразилияда жұмыс істеп, брендтер мен блогерлер арасында делдал ретінде қызмет етеді.
Perfluence платформасы блогерлермен жұмыс істеудің жаңа схемасын ұсынып, іс нәтижесіне кепілдік береді. Бренд пен блогердің өзара байланысы дәстүрлі моделі ұсынылады. Блогер өз аккаунтының танымалдығына назар аудара отырып, өз қызметтерінің құнын атайды, ал жарнама беруші сәйкесінше жарияланған ақпарат үшін ақы төлейді.
Блогерлермен әдеттегі жұмыс істеуден айырмашылығы платформа жаңа модель ұсынады. Бұл жерде клиент ақпаратты орналастыру үшін емес, блогер арқылы тауарлар мен қызметтердің сатылымы үшін төлейді. Қазақстандағы Perfluence компаниясының бизнесті дамыту жөніндегі директоры Тарлан Усейнов бұрын Қазақстандағы TikTok эксклюзив селлерінің сатылымын басқарған, елдің инфлюенс-нарығынан хабары бар маман. Оның айтуынша, Perfluence платформасы компанияларды миллиондаған оқырманы бар блогерлерге ғана емес, микроблогерлермен де көбірек жұмыс істеуге тартады.
Perfluence платформасының маңызды айырмашылығы мен құндылығы оқырмандардың саны 50 мыңнан аспайтын микроблогерлерді қамтиды. Микроблогерлерге деген сенім атақты адамдарға қарағанда жоғары, демек, сөзі де өз аудиториясына сөзі өтімдірек.
Платформаның негізін қалаушылар өзін “микроблогерлер үйі” деп атайды. Платформамен қазірдің өзінде 350 мыңнан астам блогер, 200 клиент, 1400-ге жуық блогермен жұмыс жөніндегі менеджерлер ынтымақтастық орнатқан. Осы адамдардың бәріне Perfluence нақты пайда табатын орынға айналды. Бүгінгі таңда Perfluence ТМД-дағы ең ірі платформа, оның блогерлермен тиімді жұмысының арқасында клиенттер нәтиже алады. Компания 2022 жылы $30 млн табыс көрсеткішіне жетті.
Платформамен ынтымақтаса бастаған қазақстандық микроблогерлер “нәтиже үшін” жаңа моделі бойынша жұмыс істей отырып, 70 млн теңгеден астам табыс тапты.
Еске сала кетейік, сараптамалық компаниялардың бағалауы бойынша, брендтерді блогерлер арқылы дамытудың жаһандық көрсеткішінде өсу үрдісі байқалып отыр. Мысалы, Statista мәліметтері бойынша, 2019 жылдан 2021 жылға дейін ықпал ету маркетингі нарығының көлемі екі есеге артып, 2023 жылы $13,8 млрд-қа жеткен. Insider Intelligence бағалауы бойынша, брендтер блогерлерге беретін жарнамасына бірнеше есе көп қаражат жұмсайды — $21,1 млрд-тан жоғары.
Perfluence компаниясы туралы
Perfluence платформасы 2019 жылдан бастап компанияларға микро-инфлюенсерлер арқылы тиімді пайда табуға көмектесіп келеді. Біздің клиенттеріміз – бизнестің түрлі саласындағы ең ірі жарнама берушілер, олар блогерлермен жұмысында тиімділікке, өзлшемі бар әрі нәтижелі жарнама кампанияларын таңдайды.